Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының міндеттерін іске асыру мақсатында Төлеби ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
- Халықты сыбайлас жемқорлықтан алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы кеңінен хабардар ету мақсатында «Ленгір жаршысы» аудандық газетте, «Facebook» әлеуметтік желісінің парақшасында және «Төлеби ауданы әкімдігінің» ресми сайтында жарияланды.
- Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында тоқсан сайын атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер енгізіледі.
- Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияда 2022 жылдың 9 айында 3 рет (2021 жылы - 3) комиссия отырысы өткізілді. Осы комиссияның отырыстарында аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты мекемелер басшыларының атқарған жұмыстары туралы есептер тыңдалды, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
- Ауылдық округтердің әкімдеріне, аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшыларына ай сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осалдықтарына ерекше назар аудару және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды күшейту тапсырылды.
- Бұл ретте қызметкерлер штаттық режимде профилактикалық әңгімелесу жүргізу қажеттілігі және заңнама талаптарын қатаң сақтау туралы ескерту хаттарын берді.
- Комплаенс қызметіне бекітілген қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, ағымдағы жылдың жоспарлы түрде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстағы филиалында арнайы курстардан өтуге қызметкерлердің тізімі жіберіліп, 3 квазисектор мекемелерінің қызметкерлері оқытылды.
- Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, халық үшін қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында дайындалған арнайы бейнеролик аудан әкімдігінің «Facebook» парақшасында жарияланды. Ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектеп және халық көп жиналатын орындарда ақпараттық-насихаттық брошуралар ілінді.
- Төлеби ауданы бойынша ауылдық округтерде және халыққа қызмет көрсету орталығында «Пара беру бостандықтан айырады және бұлыңғыр болашақ», «Дача взятки лишает свободы и будущего», «Өз елінің патриоты жемқорлыққа жол бермейді!», «Оңай олжа оңалтпас 1424», «Пайда ойлама ар ойла», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңасы», «Парасат пікір талас іс-шараға», «Сыбайлас туралы жаңасы», «Егер сіз жемқорлыққа тап болсаңыз 1424 телефонына хабарласыңыз?» тақырптарында билбордтар орнатылды. Сонымен қатар, Сall-орталық 1424 нөмірі жарияланған (аудан көлемінде - 16 билборд).
- Төлеби аудан әкімі аппаратының заң бөлімі тарапынан аудандағы мекемелерде ұжымдармен кездесулер және семинар-кеңестер өткізілуде. Бұдан басқа, ауданда құрылыс нысандарын аралау, қызметкерлермен кездесу, еңбек қатынастарында заңнама талаптарының сақталуына аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі тарапынан мониторинг жүргізілуде.
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дербес бөлімдері бөлімге қарасты квазимемлекеттік мекемелері және ауылдық округтер әкімі аппараты ішкі талдау жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі.
- Дербес бөлімдерге бағынысты квазимемлекеттік секторларда 5, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарында 4, дербес бөлімдерде 3 ішкі талдау жүргізілген. Комиссия тарапынан 13 ішкі талдау жүргізілген. 9 айдың қорытындысымен Ленгір қаласы және Қоғалы ауылдық округ әкімдеріне тәртіптік шара көрілген (Ленгір қаласы-Ж.Байзаковқа 2022 жылы 5 қазан №83 өкімімен, Қоғалы ауылдық округі –Б.Мусалиевке 2022 жылы 3 қазан №50 өкімімен ескерту түріндегі тәртіптік шара).
- Ауылдық округ әкімі аппараттарының және аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке табыстары туралы декларацияларды уақтылы тапсырады. «Сенім телефондары» «Ленгір жаршысы» газетінде хабарланды.
- Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық және олардың құқықтарын өрескел бұзу фактілері бойынша заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
- Аудан аумағында азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында 2022 жылы 16 қыркүйекте «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді. Барлық дербес бөлімдер мен ауылдық округтерде аудан әкімімен 2022 жылы 14 маусымда «Аdal komek» жобасы аясында іс-шарасы бекітіліп, әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелер шешуді тұрғындардың құқықтық сауаттылығы аптасына 1 рет әр сәрсенбіде өтеді және «Ашық әкімдік» алаңдарында өтеді, сонымен қатар «Faceboo» ресми парақшаларында жарияланып тұрады.
- Қоғамдық кеңестердің барлық мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы өтініштерді (пікірлерді, ұсыныстарды т.б.) Төлеби аудандық ауруханасына, «Қазпошта» АҚ Төлеби аудандық торабына, аудандық жұмыспен қамту, аудандық адами әлеуетті дамыту,аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде мемлекет басшылсының жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамада» әлеуметтік дерт пен күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту мақсатында бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралар өткізіледі және мәдениетті арттыру бағытында жеке қабылдаулар ұйымдастырылады.
- 2022 жылдың 9 айында аудан бойынша сыбайлас жемқорлық аясында қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар тіркелмеген.
Бұл бағыттағы жұмыстар болашақта да жалғасатын болады.