Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының                   7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектігі бар  адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
  2. Төлеби ауданы әкімдігінің «Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Төлеби ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №542 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулы тіркелген күннен бастап  күнтізбелік он күн ішінде  оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының  Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде   ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

         2) осы қаулының Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды  қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау және өзге де туындайтын шараларды қамтамасыз ету осы салаға жетекшілік ететін Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дуйсебаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

Төлеби ауданының әкімі

    

                   Т.Телгараев

 

 

 

 

Төлеби ауданы

әкімдігінің 2022 жылғы

______________№____

 қаулысына қосымша

 

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін     Төлеби ауданы бойынша ұйымдардың тізімі

 

№

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі(%)

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны

Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны

1

«Ақмаржан LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

90

2

2

1

2

«Жасмина»  бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51

2

1

0

 

 

Дата публикации
31 октября 2022