«БЕКІТЕМІН»
Киелітас ауылдық округінің
___________________П.Туребеков
«27» мамыр 2022 жыл.
Киелітас ауылдық округ әкімінің 2022 жылдың 27 мамырдағы Сұлтанрабат ауылының тұрғындарымен өткен «2022 жылғы 5 айда атқарылған жұмыстардың қортындысымен атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы» кездесуі барысында айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
|
№ |
Азаматтардың аты-жөні Қызметі, тұратын жері |
Өтініштердің мазмұны |
Орындалуы туралы мәлімет |
Орындау мерзімі |
Жауаптылар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Бердібаев Ахметжан- Сұлтанрабат ауылының тұрғыны, ел ағасы.
|
Қазақстан көшесіндегі ескірген электр бағаналары мен трансформаторды ауыстыру туралы:
|
Аудандық тиісті мекеме «Оңтүстік Жарық» ЖШС Төлеби аудандық тарату бөліміне ұсыныс беріліп, мекеменің инвест бағдарламасына кіргізілген, алдағы уақытта қаржы қаралса ескірген электр бағаналары мен трансформатор ауыстырылатын болады. |
2023 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов |
|
2 |
Хасанов Шухрат- Сұлтанрабат ЖОМ директоры.
|
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп алдына орнатылған бағдаршамға бейне камера орнатуға ықпал ету туралы. |
Бейне камера орнату бойынша аудандық полиция боліміне ұсыныс берілетін болады.
|
2023 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Құрылымдық бөлімше басшысы А.Оспанов |
|
3 |
Байжанов Фархат – Сұлтанрабат ауылының тұрғыны.
|
Ескіқорған аумағындағы топырақ алуды тоқтату туралы.
|
Аталған аймақ қазіргі кезде «Карим-Т» ЖШС-нің меншігінде. Облыстан келген арнайы жұмысшы тобы топырақ алынып жатқан жер арнайы тарихи мәдени ескерткіштер қатарына жататындығын, қорғалатын аймақ екендігін анықтап, жеке кәсіпкерді сотқа берген. Бүгінгі күнге іс сотта қаралуда. Сот шешімі шыққан соң тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
|
Сот шешіміне сәйкес |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов Бас маман Н.Орынбасаров |
|
4 |
Байжанова Мавлуда– Сұлтанрабат ауылының тұрғыны. |
Бадам көшесін асфальттау, ескірген электр бағаналарын ауыстыру, ауыз су кіргізілмей қалып кеткен үйлерге ауыз су кіргізу және көшедегі жолда жауып қоршалған қоршауды алдыртып тастау туралы.
|
Бадам көшесінің жалпы ұзындығы 2125 метрді құрайды. Соның ішінде 1645 метрі асфальттанған. Қалған Бадам көшесінің 480 метр бөлігіне 2021 жылдың қазан айында қосымша сметалық құжаттама әзірленіп тиісті бөлімге өткізілген. Аудандық тиісті мекеме «Оңтүстік Жарық» ЖШС Төлеби аудандық тарату бөліміне ұсыныс беріліп, мекеменің инвест бағдарламасына кіргізілетін болады. 2013 жылы ауыз су құбырын жүргізген кезде Бадам көшесінде 8 үй өздерінің үйінде құдық бар екендігін алға тартып, су есептегіш құралдарын орнатпай ауыз су кіргізуден бас тартқан болатын. Ендігі кезекте көше бойына ауыз суға тартылған құбырлар мен колодецтегі жабдықтар түгенделген соң «Ленгір су» мекемесіне ұсыныс беріліп, аталған мекеме арқылы үй-үйге ауыз су кіргізу жұмыстарын ұйымдастыратын боламыз. Бадам көшесінің тұрғындарының келісімімен көше тұғыны Хайтметов Фурхат күл-қоқыс болып жатқан жерді тазалап, тегістеп көгалдандыру үшін өз қаржысына көшеттер егіп қоршаған болатын. Қазіргі таңда қоршауы мен егілген көшеттер алынып, қазбасы көміліп тасталды.
|
2023 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов |
|
5 |
Омаров Дильмурат Сұлтанрабат ауылының тұрғыны, мәслихат депутаты.
|
Ескіқорған аумағынан топырақ тасып жатқан жүк көліктерін сол аумаққа өткізбеу үшін шлакбаум орнату туралы.
|
Топырақ алынып жатқан аймақ қазіргі кезде «Карим-Т» ЖШС-нің меншігінде. Облыстан келген арнайы жұмысшы тобы топырақ алынып жатқан жер арнайы тарихи мәдени ескерткіштер қатарына жататындығын, қорғалатын аймақ екендігін анықтап, жеке кәсіпкерді сотқа берген болатын. Бүгінгі күнге іс сотта қаралуда. Жергілікті учаскелік полиция қызметкерлеріне қадағалау туралы тапсырма берілді. |
2022 жыл маусым айы |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов |
|
6 |
Шадманов Шукирали Сұлтанрабат ауылының тұрғыны. |
Сұлтанрабат ауылына Наурыз алаңына жер қарастырылса және балалар ойын алаңшасын орнату туралы пікірін білдірді.
|
Сұлтанрабат ауылына Наурыз алаңына ыңғайлы жер қарастырылатын болады. Сұлтанрабат елді мекеніндегі бұрынғы стадионның алаңы 0,2713 га жер теліміне «ашық футбол алаңшасы орны үшін» аудан әкімінің 26.04.2022 жылғы №181 қаулысы шығарылды. Ашық футбол алаңшасының құрылысы мен қоршауына сметалық құжаттама әзірленіп жоба құны 11 млн 146 мың теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер анықталуда. Стадион жанына ойын алаңшасын орнату үшін арнайы жер қарастырылған, қаржы бөлінген жағдайда ойын алаңшасы орнатылатын болады.
|
2023 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов Бас маман Н.Орынбасаров |
Бас маман-іс басқарушы М.Сариев