2022 жылдың алты айында аудан әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысы жөнінде комиссияның кезекті отырысы өтті.
Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2022 жылдың 6 айында комиссияның 2 отырысын өткізді. Күн тәртібінде Кемеқалған, Жоғарғы Ақсу, Киелітас ауылдық округ әкімдерінің, аудандық жұмыспен қамту орталығының, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшыларының есептері қаралды. Хаттамалық ұсынымдар шығарылып, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынды.
Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кешенді жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексіне негізделген іс-шара жоспары бойынша атқарылған жұмыстарымен таныстырды.
Барлық мемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол беру фактілері анықталған жағдайда хабарласатын сенім телефондары мен арыз-шағымдарға арналған жәшіктері орнатылған.
Мемлекеттік қызмет стандарттары бекітіліп, құжат көшірмелері әкімшілік ғимараттың ішкі көрнекті жеріне ілінді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер тіркеліп, оған көрсетілген мерзімде жауап қайтарылуда.
Мемлекеттік қызметкерлер табыс жөнінде мәліметтерді кірістер басқармасына уақытында тапсырып, құжаттың көшірмесін аудандық персоналды басқару бөліміне өткізуде. Ауданға қарасты мемлекеттік мекеме де қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, сыбайлас жемқорлықпен тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ. Барлық мекеме ішкі талдау жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдік жоқ екенін анықтады.
Мемлекет бюджетін пайдалану тиімділігін бағалау және бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалау мақсатында 2022 жылға бөлінген қаражатты «Ашық бюджеттің интерактивті картасына» ай сайын барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері және оларға қарасты ведомстволық мекемелер сайтқа орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу, цифрландыру қағидатын ілгерлету бағытында, Төлеби ауданы әкімі аппараты ғимаратындағы «Халықтық кеңсе» сервистік әкімдігі электронды кезек (POS терминал) жабдығымен және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен қамтылып тұрақты жұмыс жасауда.
Іс-шаралар жоспары өз мерзіміне сәйкес орындалуда:
- барлық мемлекеттік органдарда сенім телефондары және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау күндерінің кестесі түзіліп, аудандық газеттерде жарияланған.
- бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мақала жарияланды.
- аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес 2 комиссия отырыстары өткізілді.
- аудандық дербес бөлімдер мен қала, ауылдық округ әкімдерінің қызметкерлерінің қатысуларымен 2 семинар-кеңес өткізілді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына қатысты «Ленгер жаршысы» газетінде 2022 жылдың 29 сәуірде мақала жарияланды. Сонымен қатар, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлерімен 2022 жылдың 28 сәуір күні аталған тұжырымдама бойынша семинар өтті. (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1400950370370601&id=100013669534655
- «Төлеби аудандық мәдениет үйі» МКҚК, «Төлеби аудандық «Саябақтары» КММ және «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің Комплаенс қызметіне бекітілген қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстағы филиалында арнайы курстардан өтуге қызметкерлердің тізімі жіберілді.
2022 жылдың басынан бері, Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен заң талаптарын сақтап, тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында аудандық БАҚ 42 мақала, әлеуметтік желілерде 2 жарияланымдар шықты.
Сыбайлас жеқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық имидждік бағытта 2 видеоролик Леңгір қаласында орналасқан ЛЭД экрандарда қойылды. Фейсбук парақшасында 3 видеоролик, 3 түсіндірме парақшалары жарияланды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=133188322618980&id=100077834380797&sfnsn=mo
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=141807518423727&id=100077834380797&sfnsn=mo
2022 жылдың 6 айында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, құқық бұзушылықты қалыптастыруға байланысты халықты ақпараттандыру мақсатында қала мен ауылдық округтерде адамдар көп жиналатын орындарда 28 заң бұзушылыққа қарсы ақпараттық баннер орналастырылды. Сонымен қатар, жарнамалар, фотосуреттер мен плакаттар ауылдар мен ауылдық жерлерде орналастырылды.
Есепті кезеңде аудан әкімдігіне қарасты барлық мекемелердің бюджет қаражатын игеру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу тұрақты бақылауда.
Ауданда "Төлеби - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілуде.
Төлеби ауданы әкімдігімен тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.