БЖЗҚ-да Ашық есік күні

 

Халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 28 маусымда Ашық есік күнін онлайн форматта өткізеді. Әрбір ниет білдіруші онлайн платформаға қосылып, осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шара тақырыбы – «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?».

Виртуалды кездесудің басты мақсаты – халықтың қаржылық-құқықтық сауатын көтеру. Іс-шара қонақтары еліміздің зейнетақы жүйесінің құрылымын біліп, инвестициялық портфель құрылымымен және зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз ететін қаржы құралдарымен танысады.

Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсіп, БЖЗҚ есепке алатын зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы –Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайтынын еске саламыз. Қазір БЖЗҚ төрт ИПБ-мен («Jusan Invest» АҚ; «Halyk Global Markets» АҚ; «BCC Invest» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады.

Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы апта сайын зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесіне сәйкес қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіреді.

Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа мәселелер бойынша да кешенді ақпарат беру.

Естеріңізде болсын, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 28 маусымда сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн платформада 3 сессиядан өтеді:

    1 сессиясы сағат 10-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 09-30)

    2 сессиясы сағат 12-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 11-30)

    3 сессиясы сағат 15-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 14-30)

           Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

     1 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e0025845cde551d524c00e03abf7dc0ce ceсілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 2517 342 8754 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

     2 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ef872de18b4e8296122278e0372614079

сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 2519 264 6602 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

     3 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5ca7af1821e6fcbe64de865bd5b1e3cd 

сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 2517 574 5396 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

Біз Сіздерді күтеміз!

Дата публикации
24 июня 2022