Төлеби ауданының әкімі Т.Телғараевтың Тасарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

Төлеби ауданының әкімі Т.Телғараевтың Тасарық ауылдық округінің тұрғындарымен

кездесуіндегі өзекті мәселелер

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау нысаны

Ескерту/орындалу

 

Жер саласы

1

Қасқасу, Төңкеріс елді мекендері аумағында, яғни тау бөктеріндегі  бұрындары «Бірлік» ӨК-нің меншігінде болған жайылым жерлерді кері қайтару мәселесі.

(Тасарық  елді мекенінің  тұрғыны Ділдалиев Жамбыл) 

Қасқасу, Төңкеріс елді мекендері аумағындағы тау бөктеріндегі  «Бірлік» ӨК-нің меншігінде болған жайылым жерлерді кері қайтару мәселесін зерделеп, ауылдық округ тұрғындарына ақпарат ұсыну.

14.07.2022 ж.

Төлеби ауданының жер қатынастары бөлімі

 

Тасарық ауылдық округ әкімі аппараты

Ақпарат ұсыну

 

 

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

2

Оңтүстік елді мекеніндегі тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру  және трансформаторлардың қуатын арттыру мәселесі. (Оңтүстік  елді мекенінің  тұрғыны Алтаев Бегабыл) 

2022 жылы жоспарға сәйкес Оңтүстік елді мекеніндегі тозығы жеткен 127 электр бағаналары ауыстырылады.

2022 ж.

Аудандық электр жүйелері мекемесі (келісімі бойынша)

 

Тасарық ауылдық округ әкімі аппараты

Нысанды пайдалануға беру

 

3

Ханарық елді мекенінде орналасқан Навой, С.Рахымов, Мәуелі  көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу.

(Ханарық  елді мекенінің  тұрғыны Ирисбаев Орынбай ) 

 

Сметалық құжаттары әзірленген,  қаржы қарастырылуда.

 

2022-2023 жыл

Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Нысанды пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

4

Ханарық елді мекеніндегі құрылысы тоқтап қалған Ақсу көшесіне өтетін көпірді пайдалануға беру туралы. (Ханарық  елді мекенінің  тұрғыны Ирисбаев Орынбай ) 

 

Бұрынғы құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекеменің үстінен жүргізіліп жатқан сот отырысы аяқталғаннан кейін нақты шешім қабылданады.

2022-2023 жыл

Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Нысанды пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

5

Ханарық елді мекеніндегі электр бағаналарының тозығы жеткен және Ханарық жалпы орта мектебі жанындағы трансформатордың қуатын арттыру немесе қосымша трансформатор орнату мәселесі.

(Ханарық  елді мекенінің  тұрғыны Ирисбаев Орынбай ) 

 

Мектеп жанына жаңадан 1 дана трансформатор орнатылып және бағаналардың «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесінің инвест бағдарламасы бойынша кезеңімен ауыстырады.

2022-2023 жыл

Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Аудандық электр жүйелері мекемесі (келісімі бойынша)

 

Тасарық ауылдық округ әкімі аппараты

Нысанды пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

6

Тасарық ауылдық округі аумағындағы Ақсу өзеніндегі көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.

(Ханарық  елді мекенінің  тұрғыны Ирисбаев Орынбай ) 

 

Көпірдің жарамсыздық жағдайымен танысып, сметалық құжатын дайындау.

 

27.04.2022 жыл

Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Тасарық ауылдық округ әкімі аппараты

Ақпарат ұсыну

 

7

Жамбыл елді мекеніндегі Асар көшесінің электр бағаналарының тозығы жеткен және орнатылған трансформатордың астындағы тіреуін ретке келтіріп, қоршап, адамдарға қауіпсіздік шаралары қолға алынса.

(Жамбыл  елді мекенінің  тұрғыны Онгарбаев Нурмахан ) 

 

Трансформатордың астындағы тіреуін ретке келтіру, қоршап адамдарға қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету. Электр бағаналары мен желілерін ауыстыру бойынша сметалық құжатын әзірлеу.

 

2022-2023 ж

Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Аудандық электр жүйелері мекемесі (келісімі бойынша)

 

Тасарық ауылдық округ әкімі аппараты

Нысанды пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

8

Жамбыл елді мекенінде кіре-беріс Балдыбрек өзеніндегі көпірді жөндеу мәселесі.

(Жамбыл  елді мекенінің  тұрғыны Онгарбаев Нурмахан) 

 

Жамбыл елді мекенінде кіре-беріс Балдыбрек өзеніндегі көпірдің жағдайын зерделеу мақсатында облыстың тиісті басқармасына ұсыныс жолдау.

27.04.2022 ж

Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Тасарық ауылдық округ әкімі аппараты

Ақпарат ұсыну

 

9

Тасарық елді мекеніндегі Т.Тоғысбаев көшесіндегі электр бағаналары мен желілерінің тозығы жеткендігі туралы.

(Тасарық  елді мекенінің  тұрғыны Молдабеков Нұрхан )

 

Қазіргі таңда ЖСҚ әзірлеу үшін зерттеу, іздену жұмыстарын әзірлеп, (ПИР на смета) ЖСҚ әзірленгеннен кейін қаржыландыруға ұсыну.

 

2022-2023 ж

Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Тасарық ауылдық округ әкімі аппараты

Нысанды пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

 

Кәсіпкерлік саласы

10

Оңтүстік елді мекеніндегі тас майдалау цехы жұмыстарының заңдылығын анықтап беруін сұранды.

(Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны Мамбетбаев Момынжан)

 

Оңтүстік тас майдалау цехының заңдылығын облыстың тиісті салалық басқармаларымен бірлесе анықтап, ауылдық округ тұрғындарына ақпарат ұсыну.

14.07.2022 ж.

Ауданның кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі

 

Тасарық ауылдық округ әкімі аппараты

Ақпарат ұсыну

 

 

Мәдениет саласы

11

Оңтүстік негізгі орта мектебіне қосымша ғимараттар (оқу блогы, спорт зал, акт зал, асхана, кітапхана, шеберхана) салу қажеттілігі.

(Оңтүстік  елді мекенінің  тұрғыны Мамбетбаев Еркінжан ) 

 

АПЗ жасау жұмыстарын ұйымдастыру және қаржыландыру бойынша облыстың тиісті салалық басқармасына ұсыныс беру.

 

14.05.2022 ж

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі

 

Тасарық ауылдық округ әкімі аппараты

Ақпарат ұсыну

Қаржы бөлінуіне қарай

 

Дата публикации
21 апреля 2022