Алатау ауылдық округінің 2022 жылға арналған азаматтық бюджеті

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Алатау  ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2021 жылдың 1 желтоқсанына  халық саны 9241 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 14212 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 10860 гектар, егістік көлемі 5118 гектар, жайлымдық көлемі 5262 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округте ірі қара саны 4387 бас, қой мен ешкі 9096 бас, жылқы 2755 бас, құс 14022 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде 8 ЖШС, 2 ауыл шаруашылығы кооперативі, 282 шаруақожалығы жұмыс жасайды, жеке   кәсіпкерлер саны -223 оның ішінде дүкендер-24, мейрамхана 1

Жеке кәсіпкерлер саны -223.

Өндірістік кооперативтер-2

Мал бордақылау алаңы-5

 

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:

Жалақының ең төмен мөлшері – 60000 теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  46302 тенге;

Зейнетақының ең төмен мөлшері – 46302 теңге;

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36018 теңге;

Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3063 теңге.

 

2022 жылдарға арналған Алатау    ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салықтық түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2022 жылға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2020-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Төлеби  аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 14/84-VII шешімімен бекітілді.

 

2022 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2022 жыл

 

 

1. Кірістер, оның ішінде:

58561,0

 

 

Салықтық түсімдер

20725,0

 

 

Салықтық емес түсiмдер

0,0

 

 

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

1356,0

 

 

Субвенция

36480,0

 

 

Шығындар, оның ішінде:

58561,0

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

44736,0

 

 

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

11000,0

 

 

Елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру

2425,0

 

 

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

400,0

 

 

 

2022 жылға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2022 жылға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

 

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 37311,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 Әлеуметтiк сала бойынша жалпы мәлімет

Зейнеткерлер саны – 887, тыл ардагерлері – 73,  алтын алқа иегерлері – 221, күміс алқа иегерлері – 120, Ауған соғысының ардагерлері – 1, Семей полигоны зардап шеккендер – 11,  жеке басты қарттар – 0, мүгедек азаматтар – 235, бала кезінен мүгедектер – 15.

 

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

 2022 жылы  машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу үшін – 400,0 мың теңге қаралған.

 

Дата публикации
15 марта 2022