Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Көксәйек ауылдық округінің
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны 13 308 адамды құрады.
Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 15076 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 9305 гектар, егістік көлемі 9305 гектар, жайлымдық көлемі 4889 гектар.
Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округте ірі қара саны 11 487 бас, қой мен ешкі 24 439 бас, жылқы 3 939 бас, шошқа 1583 бас құрайды,
Кәсіпкерлік. Елді мекенде 35 шағын және орта бизнес субъектілері бар, кәсіпорындар, базар-1,дүкендер-72,
шаштараз-5, қоғамдық тамақтану орындары-6, интернет клубтары-1. Жеке кәсіпкерлер саны -157.
Өндірістік кооперативтер-10
Мал бордақылау алаңы-52
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:
Жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 19 450 тенге;
Зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 теңге;
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;
Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3 063 теңге.
2022-2024 жылдарға арналған Көксәйек ауылдық округі
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салықтық түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округінің бюджеті Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 196 шешімімен бекітілді.
2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
68 319,0 |
68 319,0 |
68 319,0 |
|
Салықтық түсімдер |
23661,0 |
23661,0 |
23661,0 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
1347,0 |
1347,0 |
1347,0 |
|
Субвенция |
43311,0 |
43311,0 |
43311,0 |
|
Шығындар, оның ішінде: |
68319,0 |
68319,0 |
68319,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
61919,0 |
61919,0 |
61919,0 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
6000,0 |
6000,0 |
6000,0 |
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
400,0 |
400,0 |
400,0 |
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округ бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.
Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Әлеуметтiк сала бойынша жалпы мәлімет
Зейнеткерлер саны – 1117, тыл ардагерлері – 91, алтын алқа иегерлері –114 , күміс алқа иегерлері – 183, Ауған соғысының ардагерлері – 10, Семей полигоны зардап шеккендер – 5, жеке басты қарттар – 13, мүгедек азаматтар – 517, бала кезінен мүгедектер – 60.
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
2022 жылы машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу үшін – 400 мың теңге қаралған.