Кемеқалған ауылдық округінің2020-2022 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.
Кемеқалған ауылдық округінің
Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны 5 мың 688 адамды құрады.
Жер көлемі.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 13996,6 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 6032,2 гектар, егістік көлемі 2403 гектар, жайлымдық көлемі 6422,5 гектар, шабындық жерлер-845 гектар.
Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны 4 402 бас, қой мен ешкі 19 150 бас, жылқы 2 514 бас,түйе 12 бас,сиыр1718 бас құрайды.
Кәсіпкерлік.Елді мекенде дүкендер-6,
Шаштараз-2, Жеке кәсіпкерлер саны -41.
Өндірістік кооперативтер-2
Мал бордақылау алаңы-14
Мал ұрықтандыру бекеті-1
Өлексе тастайтын шұңқырлар-1
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:
Жалақының ең төмен мөлшері – 60 000теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 19 450тенге;
Зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302теңге;
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018теңге;
Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3063теңге.
2022-2024 жылдарға арналған Кемеқалған ауылдық округі
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округінің бюджеті Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №14/81-VI шешімімен бекітілді.