Ленгір қаласы әкімінің аппараты 2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Төлеби ауданының Ленгір қаласы әкімінің аппаратының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны 27760  адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 2516 гектарды құрайды,

 

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:

Жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  19 450 тенге;

Зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302,0 теңге;

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018,0 теңге;

Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3 063 теңге.

 

2022-2024 жылдарға арналған Төлеби ауданының Ленгір қаласы

әкімінің аппараты  бюджетінің негізгі параметрлері

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салықтық түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2017-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Төлеби  аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 14/81-VI шешімімен бекітілді.

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2022 жыл

2023

жыл

2024 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

121071,0

164517,0

168644,0

Салықтық түсімдер

92116,0

138430,0

142557,0

Салықтық емес түсiмдер

 

 

 

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

2868,0

0

0

Субвенция

26087,0

26087,0

26087,0

Шығындар, оның ішінде:

121071,0

164517,0

168644,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

89621,0

89621,0

89621,0

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

800,0

800,0

800,0

Елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру

30000,0

30000,0

30000,0

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

650,0

44096,0

48223,0

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 89621,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

Облыстың білім беру жүйесі Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып өңірдің тұрақты өсуі үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған  экономикасы.

 

Мемлекеттік органның күрделі шығындары

2022 жылы машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, өндірістік және шаруашылық жабдықтарды сатып алуға  800,0 мың теңге.

Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету2022 жылы қаланы санитарлық тазалауға  30 000,0 мың теңге бөлінді.Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру2022 жылы елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға  650,0 мың теңге бөлінді.  

 

Әлеуметтiк сала бойынша жалпы мәлімет

 Зейнеткерлер саны – 2766, тыл ардагерлері – 126,  алтын алқа иегерлері – 256, күміс алқа иегерлері – 300, Ауған соғысының ардагерлері – 12, Семей полигоны зардап шеккендер – 14,  жеке басты қарттар – 6, мүгедек азаматтар – 173, бала кезінен мүгедектер – 110.

 

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

 2022 жылы  машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу үшін – 400,0  мың теңге қаралған.

 

 

 

Дата публикации
14 марта 2022