Қасқасу ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Қасқасу  ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Қасқасу  ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтар халық саны 5 398 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 9988 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 7915 гектар, егістік көлемі 3670 гектар, жайлымдық көлемі 4025  гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округте ірі қара саны 15 830 бас, қой мен ешкі 9309 бас, жылқы 2597 бас,  сиыр 3924 бас құрайды,

Кәсіпкерлік. Елді мекенде 13 шағын және орта бизнес субъектілері бар,  кәсіпорындар,дүкендер-13,монша-0, шаштараз-0, қоғамдық тамақтану орындары-0,

Жеке кәсіпкерлер саны -15.

Өндірістік кооперативтер-2

Мал бордақылау алаңы-20

 

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:

Жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  19 450 тенге;

Зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 теңге;

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;

Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3 063 теңге.

 

2022-2024 жылдарға арналған Қасқасу  ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салықтық түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2022-20234 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Төлеби  аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 14/81-VII шешімімен бекітілді.

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2022жыл

2023 жыл

2024 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

49988,0

49988,0

49988,0

Салықтық түсімдер

7500,0

7500,0

7500,0

Салықтық емес түсiмдер

0,0

0,0

0,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

1101,0

1101,0

1101,0

Субвенция

41387,0

41387,0

41387,0

Шығындар, оның ішінде:

49988,0

49988,0

49988,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

46663,0

46663,0

46663,0

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

2500,0

2500,0

2500,0

Елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру

425,0

425,0

425,0

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

400,0

400,0

400,0

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 46 663,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

Дата публикации
14 марта 2022