Қаратөбе ауылдық округінің 2022 жылға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Қаратөбе ауылдық округінің
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2021 жылдың 31 желтоқсанына халық саны 5464 адамды құрады.
Жер көлемі. Қаратөбе ауылдық округінде жер көлемі - 13952 га, оның ішінде жайылымдық жері 7062 га, егістік жер 5890,0 га (оның ішінде суармалы жер 591 га), бау - көлемі 245,0 га. Ауылдық округ бойынша 3 - ӨК, 17 - ЖШС,1- толық серіктестік, 268 - жеке шаруа қожалықтары және 2 СТК бар.
Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округте ірі қара саны 5758 бас, қой мен ешкі 13428 бас, жылқы 2900 бас, құс 21780 бас құрайды.
Кәсіпкерлік; Ауылдық округ аумағындағы халыққа қызмет көрсету нысандар 22.Ондағы кәсіпкерлік нысандар: 16 дүкен , онда 16 адам; 2 кіші ағаш цехы, онда 3 адам ; 1 токарлық цехы, онда 1 адам жұмыс істейді; 2- өз техникаларымен халыққа қызмет көрсетуде. Қаратөбе ауыл округі Балдыберек өзенінің жағасынан «Балдыберек» демалыс аймағы ұйымдастырылып, онда 6 адам жұмыс істеуде.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:
Жалақының ең төмен мөлшері – 60000 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 19450 тенге;
Зейнетақының ең төмен мөлшері – 46302 теңге;
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36018 теңге;
Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3063 теңге.
2022 жылдарға арналған Қаратөбе ауылдық округі
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салықтық түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары
2022 жылға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2020-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округінің бюджеті Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 14/84-VII шешімімен бекітілді.
2022 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2022 жыл |
|
|
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
46990,0 |
|
|
|
Салықтық түсімдер |
5820,0 |
|
|
|
Салықтық емес түсiмдер |
0,0 |
|
|
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
1282,00 |
|
|
|
Субвенция |
39888,0 |
|
|
|
Шығындар, оның ішінде: |
46990,0 |
|
|
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
43445,0 |
|
|
|
Бiлiм беру |
0,0 |
|
|
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
2720,0 |
|
|
|
Елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру |
425,0 |
|
|
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
400,0 |
|
|
2022 жылға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округ бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2022 жылға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.
Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 43445,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Әлеуметтiк сала бойынша жалпы мәлімет
Қаратөбе ауылдық округі бойынша Венгер соғысының ардагері – 1 , Чернобылға қатысушы – 1 , соғыс ардагерлерімен теңестірілген тыл еңбеккерлері – 28, Семей полигонына қатысушылар -9, Алтын алқалы аналар – 108, Күміс алқалы аналар - 132, көп балалы аналар – 367, зейнеткерлер – 426 .