БЖЗҚ-ның 1 желтоқсандағы негізгі көрсеткіштері

зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 11,0%, ал инфляция 7,8% құрады. Бұл ретте соңғы 12 айдағы кірістілік – 11,77% , осы кезеңдегі инфляция – 8,7% көрсетті.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 11,7 млн бірлікке тең. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 868 712 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 542 397 бірлік. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 59 217 бірлік болды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,4 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу ақысын төлеу мақсатында алынған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады, оның көлемі – 2,1 трлн теңге. Жасы бойынша төлемдер – 89,2 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына аударымдар 54,1 млрд теңгені құраса, мұрагерлік бойынша төлемдер – 52,5 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 37,5 млрд теңге, жерлеуге – 5,0 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 2,0 млрд теңге.

Айта кетерлік жәйт, кесте бойынша БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 431 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ-ның 1 желтоқсандағы негізгі көрсеткіштері
Дата публикации
17 января 2022