Төлеби ауданында 2021 жылдың ІІІ тоқсанына сыбайлас жемқорлыққа байланысты атқарылған жұмыстар

 

 Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 тамыздағы №226 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы  өңірлік іс-шаралар жоспары негізінде  Төлеби ауданы әкімдігінің 2018 жылы 29 тамызда «Төлеби ауданында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға  қарсы   іс-шаралар жоспары туралы» №535 қаулысы  бекітіліп жоспарға сәйкес жұмыс атқарылды.

      2021 жылдың ІІІ-тоқсанындағы аудан әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатындағы орнатылған «сенім» телефонын БАҚ-та жариялау негізінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың сенім телефондары және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау күндерінің кестесі «Төлеби туы» қоғамдық саяси газетінде және «Ленгір жаршысы» газетінде  тұрақты жариялануда.

Аудан әкімінің жеке қабылдау күні мен сенім телефоны «Ленгір жаршысы» газетінің 19.03.2021 жылғы №12-13(818), 06.08.2021 жылғы №32 (837) санында жарияланған.

Сыбайлас жемқорлық стратегиясы аудандық іс-шара жоспарына сәйкес, төмендегідей атқарылуда:

-осы қаулының орындалуына жауапты болып мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары бекітілген.

-іс-шаралар жоспары өз мерзіміне сәйкес орындалуда.

-ағымдағы жылы «Бақ-информ» ресми сайттарында сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында мақалалар жариялануда.

-2021 жылы аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес 1 рет комиссия отырысы онлайн, 2-рет  офлайн режимде, жалпы- 3 отырысы өткізілді. Комиссия отырыстарында заңнама талаптарын орындауға және сақтауға хаттамалық ұсынымдар шығарылып, тапсырмалар берілді.

- аудандық дербес бөлімдер мен қала, ауылдық округ әкімдерінің қызметкерлерінің қатысуларымен  1 семинар-кеңес онлайн, 4 семинар- кеңес офлайн режімінде   өткізілді.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы аудан әкімі аппаратында, аудандық дербес бөлімдер мен қала, ауылдық округтерде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  тұрақты  жүргізілуде.

«Tolebi adaldyq alany» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, халыққа қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.

 2020 жылы маусым айының 9-шы жұлдызында арнайы бөлме және «Tolebi adaldyq alany» (tolebi.adaldyqalany) фейсбук әлеуметтік парақшасы ашылып, өткізілген іс-шаралар мен жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырды. Қазіргі таңда парақшаға 107 пост салынып, 3626 оқырманмен толықты.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында цифрландыру қағидатын ілгерлету бағытында, Төлеби ауданы әкімі аппараты ғимаратында 2020 жылдың 12 наурыз айында Халықтық кеңсе сервистік әкімдігі ашылды. Сонымен қатар, аудан әкімі және орынбасарлардың жеке қабылдауы «Open space» форматында өткізіледі.

Халықтық кеңседе ауыл шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары, сәулет, қала құрылысы және мемлекеттік қызмет (әкімге, басшыларға, Әдеп жөніндегі уәкілге жеке қабылдауға жазылу) салалары бойынша қызметтер көрсетіліп, кеңестер  беріледі.

Халықтық кеңседе аталған салалар бойынша 5 қызметкер жұмыс атқарады (осы мерзімде 1403 сәулет, қала құрылысы, 1155 тұрғын үй қатынастары, 217 ауыл шаруашылығы салаларыы бойынша қызмет көрсетілген). Төлеби ауданы ауылдық округтер бойынша халық саны көп шоғырланған Көксәйек ауылдық округінде 2021 жылдың 16 шілдесінде Халықтық кеңсе сервистік әкімдігі ашылды. Халықтық кеңседе аталған салалар бойынша 4 қызметкер жұмыс атқарады (осы мерзімде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны -14, Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны- 3, 4-тұрғын үй қатынастары саласы бойынша қызмет көрсетілген). Консультация алғандар саны – 909 адам (ауыл шаруашылығы саласы бойынша – 7 адам, жер қатынастары саласы бойынша- 101 адам, әлеуметтік- еңбек саласы бойынша- 203 адам, тұрғын үй қатынастары саласы бойынша – 598адам).

Фронт-офис электронды кезек (POS терминал) және бейнебақылау жабдығымен қамтылған. Қызмет көрсету мерзімі дүйсенбі-жұма күндері аралығында 09:00-ден 19:00-ге дейін. Сонымен қатар, фронт офис өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен қамтылған. Жергілікті қызмет алушылар egov.kz электронды веб-порталы арқылы қызметтерді алуға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын тұрақты пайдалануда.

Төлеби ауданының әкімі Т.Телғараевтың 15 ақпан 2021 жылғы «Anticor.Live» және «Adal komek» жобасы аясында Төлеби ауданы әкімінің орынбасарларының, бөлім басшыларының және қала, ауылдық округ әкімдерінің тікелей эфирге шығу кестесіне сәйкес, «Tolеbi adaldyq alany» фейсбук парақшасына аптасына екі рет тікелей эфирге шығады. Қазіргі таңда Алатау, Аққұм, Бірінші Мамыр, Жоғарғы Ақсу, Зертас, Кемеқалған, Көксәйек және Қаратөбе, Қасқасу, Қоғалы ауылдық округ әкімдері тікелей эфирге шыққан.

Сондай ақ, Түркістан облысы Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы  Р.Аманованың бекіткен кестесіне сәйкес, мектеп директорлары «Tolеbi adaldyq alany» фейсбук парақшасынан «Anticor.Live» және «Adal komek» жобасы аясында тікелей эфирге шығып жатыр. Бүгінгі таңда, №3, №5, №8, №1, «Жаңажол», «Аль - Фараби», «Ынтымақ», «Тағайна» мектеп директорлары тікелей эфирге шыққан.  Бұл іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

  Заңға енгізілген түзетулер шеңберінде, аудан аумағындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметін ұйымдастыру аудан әкімі аппараты заң бөлімінің тарапынан құқықтық түсіндірмелер беріліп,  құрылымдық бөлімшелерді жауапты мамандарды бекітіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Төлеби ауданындағы жастар ұйымдарының жетекшілерімен ағымдағы жылдың тамыз айында TEDX форматында арнайы кездесу өтіп, кездесу барысында сыбайлас жемқорлықты жою жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 9 айында аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ұжым қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер (семинар, дөңгелек үстел) өткізіп, facebook әлеуметтік желісінде жариялады.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының қағидаларын бұзбау, лауазымдық міндеттерін қатаң сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүйелі түрде жүргізілуде. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және басқа   мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын сақталуын қамтамасыз ету талаптары үнемі назарда.

Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасы талаптарына  мемлекеттік  органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болатыны тұрақты түрде ескертіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді болдырмау, жол бермеу мақсатында барлық мемлекеттік қызметкерлер өз құзыреті шегінде Заң талаптарын сақтауды қатаң түрде қадағалануда. Оның ішінде:

-Қаржылық бақылау шаралары;

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;

-Бюджет қаржысының игерілуін, қаржылық мониторинг  үнемі назарға алынып, қаржы тәртібінің қатаң сақталуын қадағалау;

-Мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасының квазимемлекеттік мекемелерде, сот сатыларында электронды талап арыз беру, дәлелдемелерді электронды ұсыну, сотқа интернет жүйесі арқылы қатысуға, мемлекет пайдасына шығарылмаған шешімдерге, аппеляциялық, кассациялық шағым жазу  талаптарын бұлжытпай орындалуда.  Сонымен қатар, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI  «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік» Кодексінің енуіне байланысты  69 бабына сәйкес, барлық мемлекеттік органдарда басшылары жеке және заңды тұлғалардың жұмысты ұйымдастыруға іс-жүргізудің жай-күйіне дербес жауаптылығы және жауапкершілігі қаралатындығы ескертілген.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығын басшылыққа ала отырып,  барлық қала, ауылдық округ әкімі аппараттарында, дербес бөлімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жоспары 21 қаңтарда 2021 жылы аудан әкімі аппараты басшысымен  бекітіліп,  жоспар бойынша қала, ауылдық округ әкімдері,  дербес бөлім тарапынан заңнама талаптарына  сәйкес тұрақты жұмыстар атқарлуда.

       Персоналды басқару бөлімі тарапынан  ауылдық округ әкімінің ғимараттарында «Мемлекеттік қызметшілердің Этика кодексі» туралы стендтері орналастырылған. Жұмыс барысында этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық келіссөздер мен семинарлар тұрақты өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы            №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 15-тармағына сәйкес, ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған            (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпарат аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланып тұрады және атқарылған жұмыс нәтижелері (https://tolebi.gov.kz/basshylyq/sybajlas-zhem-orly-pen-k-res-3/ https://tolebi.gov.kz/sybajlas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-ma-satynda-zh-rgizilgen-ishki-taldama/  https://tolebi.gov.kz/sybajlas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-ma-satynda-t-lebi-audandy-auylsharuashyly-y-zh-ne-zher-atynastary-b-liminde-zh-rgizilgen-ishki-taldama/  және скрин) сайтында жарияланған.

Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылдың  20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың алғашқы пакетін жариялады. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды лауазымынан босату мен тәртіптік жауапкершілікке тарту институттарын енгізу нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, азаматтарды жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін ынталандырудың саралаған жүйесіне көшуді тапсырды. Жаңа бастамалардың барлығы нақты заңдарда көрініс  тауып, тиімді алдын алу құралдары ретінде  танылды.

        Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің  (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің және Түркістан облысы әкімдігінің «Tolebi adaldyq alany» жобалық кеңсесі, «ADAL KOMEK», «Фронт-офис» жобаларын іске асыру және сыбайлас жемқорлықты алдын алу  бойынша тапсырмалар берілген.

Аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан  келіп түскен өтініштер заң талаптарына сәйкес қанағаттандырылып, тиісті жауаптары берілуде.

- мемлекеттік қызмет көрсету  сапалы және уақытылы  жүргізілуде;

- ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жөнінде халыққа тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;

- қала, ауылдық округ әкімшіліктерінің ғимараттарында мемлекеттік қызмет көрсету  стандарттары мен регламенттері  орналастырылған;

- интернет-ресурста құқықтық ақпараттың жаңартылуы үнемі қадағалануда, қоғамдық орындарда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Байланыс орталығын көрсететін жарнамалар бар;

- ауылдық округ әкімінің лауазымды тұлғалары мен ауылдық округ әкімінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау, ауылдық округ әкімшіліктерінің ғимаратында көрнекті орындарда орналасқан, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар бақылауға алынған;

- ауылдық округ әкімінің ғимараттарында «Мемлекеттік қызметшілердің Этика кодексі» стендтері орналастырылған, жұмыс барысында келіссөздер мен семинарлар тұрақты өткізіледі;

- азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштері белгіленген мерзімде қабылданады және қаралады, (ЦОН  Е-Лицензиялау, ЦОН Электронды Үкімет порталы, ОЛ-1 есебі) деректер базасында ұсынылатын ақпараттардың уақытылығы, толықтығы мен дәлдігі үшін салыстырмалы актілер жасалады және уақытылы ұсынылады, ҚР Жер кодексінің ережелеріне сәйкес болу үшін қатаң бақылау жасалады;

Аудан әкімі аппаратына 2021  жылы жеке және заңды тұлғалардан 2145 өтініштер (2020 жылы -2062) түскен.

 Жалпы жеке қабылдауларда 2021 жылдың 10 айында -131 жеке қабылдау өткізілген. Оның ішінде:  аудан әкімінің- 2021жылы 10 айында -85 және оның орынбасарлары, аппарат басшысының жеке қабылдауларында -46 азаматтар болды.

Жалпы  аудан бойынша  түскен өтініштер саны-1706 (2020 жылы- 1590).

Қоғамдық жиналыстарда азаматтардың өтініштерімен жұмыс жағдайы туралы ақпарат жұртшылыққа жеткізіледі.

 Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыру кезінде жәрдем көрсету және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру мақсатында әзірленіп бекітілді. Жауапты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына тиісті құжаттар жолданды. Өздеріне бағынысты квазимемлекеттік сектор  субъектілеріне компланес-қызметі институтының комплаенс-қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауларды жұмыс барысында қолдану және тиісті құрылымдық бөлімшенің ережесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы функцияларды енгізу үшін жолданған. Бұл мақсатта тиісті жұмыстар атқарылуда (10 квазимемлекеттік сектор субъектілері ).

          Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінде квазимемлекеттік секторлар өкілдерінің қатысуымен (құқықтық мәдениет, компланес-қызметі               институтының комплаенс-қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік               нұсқаулар т.б. мәселелер бойынша) іс-шара өткізіліп, фейсбук (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=472080530610116&id=100034245180776)  желісінде жарияланды.

       Ағымдағы жылда  ZOOM режимінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жұмысын ұйымдастырудың мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік секторының өкілдерін оқыту бойынша 2 семинар өткізілді.

Алдғы уақытта Төлеби ауданы әкімдігімен тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілетін болады

Дата публикации
30 ноября 2021