"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының 16-бабына сәйкес аудан әкімі аппаратының заң бөлімі 2021 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын жауапты мамандар бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі уақытта комплаенс-қызметтер (немесе комплаенс-офицерлердің міндеттерін жүктеу) ведомстволық бағыныстағы 10 ұйымда құрылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыруға көмек көрсету және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірыңғай тәсілді қалыптастырылған.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыру кезінде жәрдем көрсету және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру мақсатында әзірленіп бекітілді. Жауапты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына тиісті құжаттар жолданды. Өздеріне бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне компланес-қызметі институтының комплаенс-қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауларды жұмыс барысында қолдану және тиісті құрылымдық бөлімшенің ережесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы функцияларды енгізу үшін жолданған. Бұл мақсатта тиісті жұмыстар атқарылуда (10 квазимемлекеттік сектор субъектілері ).
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінде квазимемлекеттік секторлар өкілдерінің қатысуымен (құқықтық мәдениет, компланес-қызметі институтының комплаенс-қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар т.б. мәселелер бойынша) іс-шара өткізіліп, фейсбук (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=472080530610116&id=100034245180776) желісінде жарияланды.