ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 21 қарашада Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

 

Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

«Алатау» сайлау округі

Алатау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4 470 азамат енгізілді, оның ішінде 2 020 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 55, «Барлығына қарсы» деген жолда қойылған белгі – 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдукаимов Б.О. – 17; Ажибаев С.К. – 492; Батанов К.И. – 40; Курбаналиев М.М. – 1 411;

Алатау ауылдық округінің әкімі болып Курбаналиев Мадияр Мадибекович сайланды, 1977 жылы туған, «Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы, Ленгір қаласында тұрады, «Nur Otan» партиясының Төлеби аудандық филиалымен ұсынылды.

 

 

 Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 ноября 2021