Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

          ҚАУЛЫ                                                                           ПОСТАНОВЛЕНИЕ                                                                                                                                       

2021 жылғы 26 мамыр

                 Ленгір  қаласы                                                                                                                                          

                                                                                 

 

       №209

     город Ленгер                                                                                

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін                                                                               

мәжбүрлеп иеліктен шығарудың

басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер Кодексінің» 84 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413 Заңының  65, 62-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148  Заңының  31-37 баптарына, және Бірінші Мамыр ауылдық округ әкімінің аппаратының 21.05.2021 жылғы  №373  санды хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Төлеби аудандық мәслихатының 29.03.2013 жылғы №32/228-V шешімімен бекітілген Бірінші Мамыр ауылдық округі, Бірінші Мамыр елді мекенінің бас жоспарына сәйкес, жалпы алаңы 161,73 га жер учаскесінің ішінен бас жоспарға игеруге қажетті 27,0 га жер телімін «инфрақұрылым жүйелерін тарту құрылысының» нысаны үшін осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
  2. «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» (К.Кожанов) қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелеріне басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып, осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс-шараларды жүзеге асырсын.
  3. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап (үш айдан ерте болмай) бір жыл деп белгіленсін.
  4. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелерінің иелері келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, №142 А үй мекен жайында орналасқан «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
  5. «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  6. «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  7. Осы қаулының орындалуы «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
  8. Осы қаулының орындалуын қадағалау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары К.Мылтикбековке жүктелсін.

 

                     Аудан әкімі                                                       Т.Телғараев

 

 

 

     
   

 

 

 

 

Аудан әкімдігінің 2021 жылғы

«26» мамыр

№209  қаулысына

1-қосымша

 

Төлеби ауданы аумағында орналасқан мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелері иелерінің тізбесі.

 

Р/С

Кадастрлық Номері

Жер көлемі

га

Алынатыны

Аты жөні

Құқығы

1

19-298-067-702

161,73

27,0

«Ақбұлақ» ӨК

жалға

 

Барлығы

161,73

27,0

 

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Дата публикации
28 июня 2021