Жоба, 2022 жылға Түркістан облысы Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2022 жылға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2022 жылға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2022 жылға 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.
  5. Төлеби ауданы әкімдігінің "2021 жылға Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" 2021 жылғы 04 наурыздағы № 78 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6084 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  6. «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды  қамтамасыз етсін

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмiнiң орынбасары С. Дуйсебаевқа жүктелсiн.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Төлеби ауданының әкімі

                 Т. Телгараев

 

 

 

 

 

 

С. Дуйсебаев

С. Акимова

Р. Бейсебаева

 

 

Төлеби  ауданы әкімдігінің
«__»______ 2021 жылғы
№___ қаулысына
1-қосымша

 

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

р/с

 

 

                    Ұйым  атауы

 

 

жұмыскерлердің тізімдік саны

 

 

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"ФудМастер-Шымкент Компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

110

0.9

1

2

"Балмуздак" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

 

200

0.5

1

3

Төлеби аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  "Төлеби су шаруашылығы" мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорны

40

2,5

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төлеби  ауданы әкімдігінің
«__»______ 2021 жылғы
№___ қаулысына
2-қосымша

                                                                                         

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру           үшін жұмыс орындарына квота

 

р/с

 

 

          Ұйым атауы

 

 

Жұмыскерлердің тізімдік саны

 

 

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін

жұмыс орындарының  саны

1

"Ақ Маржан LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

50

2

            1

2

Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Ленгір су» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорны

 

 

106

 

 

0,9

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төлеби  ауданы әкімдігінің
«__»______ 2021 жылғы
№___ қаулысына
3-қосымша

 

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын

жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота

р/с

 

 

              Ұйым атауы

 

 

Жұмыс керлердің тізімдік саны

 

 

Квотаның мөлшері(% жұмыскер лердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе

 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Төлеби аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жарық жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

1,8

1

2

Түркістан  облысының адами адами әлеуетті дамыту басқармасының «№8 колледж» мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны

122

0,8

1

3

Түркістан  облысының адами адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

110

0,9

1

 

 

Дата публикации
02 ноября 2021