Кемеқалған ауылдық округінің әкімі - Дарибоев Дусимжон Кудайбергенович

ХАБАРЛАМА

         2021 жылғы 24 қазанда Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

 

Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

«Кемеқалған» сайлау округі

Кемеқалған ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2 710 азамат енгізілді, олардың 2 234 – і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 33, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі – 22.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дарибоев Д.К. –  2 012; Салибеков А.Е. – 167

 

Кемеқалған ауылдық округінің әкімі болып Дарибоев Дусимжон Кудайбергенович сайланды, 1983 жылы туған, Кемеқалған ауылдық округі әкімі қызметін атқарады, Ұйымшыл ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясының Төлеби аудандық филиалымен ұсынылды.

 

 

 Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 октября 2021