Аудан әкімінің 2018 жылғы 9 қарашадағы №08 «Төлеби ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының             23 бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының                            2-тармағына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан әкімінің 2018 жылғы 9 қарашадағы №08 «Төлеби ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4783 санымен тіркелген, 2018 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.

1) №728 және №767 сайлау учаскелері көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Төлеби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Қадырбековке жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

Төлеби ауданының әкім

 

Б. Омарбеков

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 02.11.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5869 болып енгізілді

 

 

 

 

 

 

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің

2020 жылғы 30 қазандағы

№ 07 шешіміне  қосымша

Төлеби ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

 

№ 737 сайлау учаскесі:

Орталығы: «Біркөлік»  шағын жинақты негізгі орта мектебі

Шекарасы: Біркөлік ауылының аумағы.

№ 738 сайлау учаскесі:

Орталығы: «Алатау» жалпы орта мектебі

Шекарасы: Алатау, Шұбарағаш, Шатыртөбе ауылдарының аумағы.

№ 739 сайлау учаскесі:

Орталығы: «Екпінді» жалпы орта мектебі

Шекарасы: Екпінді, Қосағаш, Қорған ауылдарының аумағы.

№ 740 сайлау учаскесі:

Орталығы: «Қайнар» ауылдық клубы

Шекарасы: Қайнар ауылының аумағы.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 02.11.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5869 болып енгізілді

Дата публикации
22 октября 2021