Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 39 ШЕШІМІ
Төлеби ауданы, Кемеқалған
ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Төлеби аудандық аумақты сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 24 қазанына тағайындалсын:
- 2021 жылғы 24 қазанға тағайындалған Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім жергілікті баспасөз ақпарат құралдары мен Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Комиссия төрағасы О. Сүттібаев
Комиссия хатшысы Н. Беглаш