Төлеби ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Төлеби ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Ленгір қаласындағы «Тәуелсіздік» орталық саябағындағы алаң айқындалсын.
  2. Төлеби ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Ленгір қаласының Қазыбек би көшесі мен Ақбұлақ көшесінің қиылысынан Қазыбек би көшесі мен А.Серікбай көшесінің қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.
  3. Төлеби ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  5. Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы №41/219-VI «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2019 жылғы 23 мамырда № 5067 тiркелген, 2019 жылғы 11 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiңкүшi жойылды деп танылсын.
  6. «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

     Аудандық мәслихат

             сессиясының төрағасы                                         Қ. Татыбаев                                           

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы

 

Н. Койбагаров

 

Төлеби ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
Дата публикации
09 августа 2021