Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына сәйкес Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Төлеби аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісімі бойынша),сайлауөткізукезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі №1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2.Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар тізімі №2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулы Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Б.Омарбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Төлеби аудандық сайлау
комиссияның төрағасы О.Суттибаев
«____» __________2019 жыл
|
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 08.05.2019 жылы №5040 тіркелген
|
Төлеби ауданы
әкімдігінің 2019 жылғы
«____» ____________
№____қаулысына№1 қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі
Ленгір қаласы
«Төлеби аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ММ) аумағы (Ленгір қаласы, Төлеби көшесі).
Төлеби ауданы
әкімдігінің 2019 жылғы
«____» ____________
№____ қаулысына№2 қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй – жайлар
тізімі