Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Төлеби ауданының ауылдық округтер әкімдерін және ауыл әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Аққұм сайлау округі
Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2724 азамат енгізілді, олардың 2280-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 27.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Диханбаев С.Т. – 850; Нұрыш А.Т. – 45; Таменов К.К. – 1353
Аққұм ауылдық округінің әкімі болып Таменов Кайрат Каумбекулы сайланды, 1974 жылы туған, Ленгір қаласы «№1 мектеп-гимназиясы» КММ-нің есепші қызметін атқарады, Аққұм ауылдық округінің Момынай ауылында тұрады, «Өзін-өзі» ұсыну тәртібі бойынша ұсынылды.
Киелітас сайлау округі
Киелітас ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7057 азамат енгізілді, олардың 3444-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 58, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі – 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдиров Н.К. – 26; Маменов Ж.А. – 1116; Раймкулов Р.Ү. – 98; Туребеков П.А. – 2138.
Киелітас ауылдық округінің әкімі болып Туребеков Полат Аширбекулы сайланды, 1960 жылы туған, Киелітас ауылдық округінің әкімі, Төлеби ауданының Ленгір қаласында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облысы Төлеби аудандық филиалымен ұсынылды.
Көксәйек сайлау округі
Көксәйек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7528 азамат енгізілді, олардың 5773-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 332, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі – 26.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдиев Ж.А. – 42; Дуйсебаев Р.Т. – 66; Камбаров Ж.А. – 2608; Сарсаулетов Ж.Б. – 2699.
Көксәйек ауылдық округінің әкімі болып Сарсаулетов Жексенбек Бакдаулетович сайланды, 1977 жылы туған, «Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі» МКҚК директорының орынбасары, Көксәйек ауылында тұрады, Толебийским районным филиалом Туркестанской области общественное объединение «партия «Nur Otan».
Қасқасу сайлау округі
Қасқасу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2405 азамат енгізілді, олардың 2153-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 35, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі – 11.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дауренбаев К.А. – 563; Ермаханбетов М.С. – 1544.
Қасқасу ауылдық округінің әкімі болып Ермаханбетов Мейржан Сейфуллаевич сайланды, 1985 жылы туған, «Ақжайық» ауылдық мәдениет үйі» МКҚК директоры, Қасқасу ауылында тұрады, «Өзін-өзі» ұсыну тәртібі бойынша ұсынылды.
Тасарық сайлау округі
Тасарық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2500 азамат енгізілді, олардың 2267-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 21, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі – 7.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алтынбеков Б.С. – 2054; Тайлыбаева К.Б. – 46; Тастанов А.М. – 139.
Тасарық ауылдық округінің әкімі болып Алтынбеков Бактыбек Сеитханович сайланды, 1983 жылы туған, Тасарық ауылдық округінің әкімі, Тасарық ауылдық округінің Оңтүстік ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облысы Төлеби аудандық филиалымен ұсынылды.
Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 28 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Төлеби ауданының ауылдық округтері әкімдерін тіркеді.
Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы