Әкім сайлауына 2500 сайлаушының 2267-і қатысып өз таңдауын жасады. Ауылдық округ әкімі лауазымына «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Алтынбеков Бактыбек Сеитхановичке 2054 дауыс, Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясынан ұсынылған Тайлыбаева Кымбат Бердибайкызына 46 дауыс, өзін-өзі ұсынған кандидат Тастанов Айдар Муталиулына 139 дауыс берілді. Барлығына қарсы – 7 дауыс. Нәтижесінде басым дауыспен Алтынбеков Бактыбек Сеитханович Тасарық ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.