Әкім сайлауына 7127 сайлаушының 3444-і қатысып өз таңдауын жасады. Ауылдық округ әкімі лауазымына өзін-өзі ұсынған кандидат Абдиров Нурджан Кидирбаевичке 26 дауыс, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Маменов Жанибек Аскарбековичке 1116 дауыс, өзін-өзі ұсынған кандидат өзін-өзі ұсынған кандидат Раймкулов Рустем Үшкемпирұлына 98 дауыс, «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Туребеков Полат Аширбекулына 2138 дауыс берілді. Барлығына қарсы – 8 дауыс. Басым дауыспен Туребеков Полат Аширбекулы Киелітас ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.