Төлеби аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының                                 
2026 жылғы 13 қазандағы № 9 қаулысы

 

 

Төлеби аудандық мәслихаты

депутаттарының кезектен тыс

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік

жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысын басшылыққа алып, Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Төлеби аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Төлеби аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.  
  3. Осы қаулы Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Төраға

 

Д.Дарибоев

Хатшы

 

Н.Беглаш

 


                                                                           

 

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2026