Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 29-бабына сәйкес, «2024-2026 жылдарға арналған Түркістан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» Түркістан облыстық мәслихатының 13.12.2023 жылғы №7/105-VIII шешімімен бекітілді.
Жалпы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 48 іс-шараны қамтиды.
2026 жылға жоспарланған іс-шаралардың басым бөлігі 2-тоқсаннан бастап жүзеге асырылады.
2025 жылдың қорытындысымен:
Кентау қаласының елді мекендерін табиғи газға қосу үшін облыстық бюджет есебінен 783,6 млн теңге бөлініп жұмыстар жүргізілді (қосымша Самұрықтан 1 409,6 млн.тенге қаржы бөлінді).
Жетісай ауданының елді мекендерін табиғи газға қосу үшін облыстық бюджет есебінен 1 091,8 млн. теңге қаржы бөлініп жұмыстар жүргізілді.
Мақтаарал ауданының елді мекендерін табиғи газға қосу үшін облыстық бюджет есебінен 2 253,3 млн. теңге қаржы бөлініп жұмыстар жүргізілді (қосымша Самұрықтан 125,0 млн.тенге қаржы бөлінді).
Сауран ауданының елді мекендерін табиғи газға қосу үшін облыстық бюджет есебінен 740,0 млн теңге бөлініп жұмыстар жүргізілді (қосымша Самұрықтан 1 700,0 млн.тенге қаржы бөлінді).
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Манкент а/о «Жоғары Аққала» каналын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы (01.10.2025 жылы №19-0321/25) алынды. Жоба құны 324,766 млн.теңгені құрайды. Аталған жобаны Ислам даму банкі тарапынан қаржыландыру көзделуде.
Келес ауданының Ошақты және Бірлік ауылдық округі аумағындағы «Саңырау» каналына күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп (25.12.2023 ж. №19-0440/23), 2023 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны 2 516,06 млн.теңгені құрайды. Аталған жоба Ислам даму банкі тарапынан қаржыландыру көзделуде. Құрылыс жұмыстары биылғы жылы жүргізілетін болады. Нәтижесінде 15 шақырым канал бетондалып, 4000 гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсаратын болады.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Шаншар-құлақ күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, (01.10.2025ж №19-0321/25) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны 305,739 млн.теңгені құрайды. Аталған жобаны Ислам даму банкі тарапынан қаржыландыру көзделуде.
Сарыағаш ауданы Р-4-2 каналын күрделі жөндеу жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп (27.11.2018 ж. №19-0357/18) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны 305,739 млн.теңгені құрайды. Аталған жобаны Ислам даму банкі тарапынан қаржыландыру көзделуде.
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялауға 2025 жылға облыстық бюджеттен 500,0 млн теңгеге 32 кәсіпкерден өтінім түсіп, мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде 2021-2025 жылдары еліміздің мемлекеттік орман қоры жерлеріне 2 млрд.-тан астам ағаш отырғызу бойынша тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысы әкімдігінің ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін арттыру бойынша Кешенді жоспары» әзірленіп, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісіле отырып, облыс әкімдігімен бекітілген.
Кешенді жоспарға сәйкес, 5 жыл ішінде Түркістан облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерінде 110 210 га алқапқа 170,0 млн. ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.
Мемлекет басшысының Жолдауы аясында мемлекеттік орман қоры жерінде 2 млрд.-тан астам ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасы негізінде, Облыс әкімдігімен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарын белгіленген көлемдерден төмен емес денгейде 2026-2027 жылдарға дейін қайта қарастыру бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұсынымы назарға алынып, 2021-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспар, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісіле отырып, облыс әкімдігімен қайта бекітілді.
Кешенді жоспарға сәйкес:
2025 жылы – 16 883 га, 28 767,2 мың дана көшетке 891,0 млн.теңге қаржы игерілді.
Қала және елді мекендерде 15 млн. көшет егудің облыстық Аймақтық жоспарын орындау бойынша Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы аясында жалпы республика бойынша елді мекендерде 15 млн көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 1,5 млн көшет отырғызу жоспарланған.
Сонымен қатар, Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді- мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген.
2025 жылы аудан, қала елді мекендерін көгалдандыру үшін 1 060 589 түп дана әртүрлі көшеттер егілді.
Созақ ауданы Жуантөбе ауыл округіне қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 161,8 млн.тенге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Ал, Шу ауыл округіне қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 100,0 млн.тенге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2026 жылға өтпелі. Арыс қаласындағы Жиделі және Қожатоғай ауыл округтеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 52,2 млн.тенге қаржы қарастырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Кентау, Созақ аудандарында коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу үшін жергілікті бюджет есебінен 4,0 млн. теңге қаржы бөлініп әзірленді.
Облыс аумағында 18 кәсіпорын уран кенін өнеркәсіптік өндіруді жүргізуде. Оның ішінді Созақ ауданында -16 нысан. Отырар ауданында-2 нысан.
2025 жылы талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу графиктері бойынша жоспарланған 3 объектінің 2-уі тексерумен қамтылды. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғаға 314560 тг көлемінде айыппұл салынып, өндірілді. Отырар ауданында «Заречное» АҚ БК қарасты уран өндіретін 2 радиациялық қауіпті нысан («Заречное» АҚ БК, Темір тасымалдау базасы) жоспарланып, 2-уі тексерумен қамтылды. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғаға 314560 тг көлемінде айыппұл салынып, өндірілді. ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің, Созақ ауданы аумағындағы уран кендерін өндіруші компаниялар және оларға мердігерлік қызмет көрсетуші мекемелерінің жұмысшыларының вахталық кенттегі асханалары мен жатын орындарында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптары сақталмағандығы жазылған өтініштері негізінде 10 нысан жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша 6 заңды тұлғаларға 6 192 900 тг көлемінде айыппұл салынып, өндірілді. Түркістан облысының радиологиялық зертханасы және аудандық бөлімшелері тарапынан қоршаған орта объектілерінен барлығы 950 сынама зерттелді, 1424 зерттеу жүргізілді, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс аясында 546 сынама алынып, 875 зерттеу жүргізілді. ШРЕД-тен асу анықталған жоқ. Дозиметриялық бақылау бойынша 7721 объект тексеріліп, 40759 өлшем жүргізілді, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс аясында 7249 объект қамтылып, 20602 өлшем жүргізілді. ШРЕД-тен асу анықталған жоқ. Облыста «қауіпті аймақта» орналасқан 12 жерасты сумен жабдықтау көздері өнеркәсіптік кәсіпорындар мен кеніштер бар: «Заречное» АО, «Төртқұдық» кен орны, «Оңтүстік ыңғай» кеніші, «Орталық мыңқұдық» кеніші, «Аппақ» кеніші, «Буденновское» бұрғылау учаскесі, «ЖТИ-Зерде» филиалы, «орталықтандырылған автотасымалдау базасы» филиалы, «№7 экспедициясы», «№5 экспедициясы», «Қаратау» кеніші, «Құланды» кеніші, «Инкай» кеніші, «Геотехноцентр» кеніші, «Күмісті» кен орны. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу шеңберінде өнеркәсіптік объектілер мен кеніштерге тікелей жақын орналасқан елді мекендердің орталықтандырылған су көздерінен микробиологиялық көрсеткіштерге 146 су сынамасы, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 129 су сынамасы, радиологиялық көрсеткіштерге 29 су сынамасы зерттеліп, сәйкессіздік анықталмады.
2025 жылы облыстық бюджеттен табиғат қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлері мен орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлеріне киім сатып алуға облыстық бюджет есебінен 37 287,1 мың теңгеге 1 137 жиынтық киімдері сатып алынды.
2025 жыл Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің теңгеріміне 1 дана – АЦ5-40 КАМАЗ 115 480,0 мың тг өрт сөндіру автокөлігі, 4 дана – Лада Нива автокөлігі 17 696,0 мың тг, 10 дана – трансформатор және 30 дана – насос 328 150,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.
2025 жылдың 30 сәуір күні Түлкібас ауданы «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің аумағында және 22-23 мамыр күндері Келес ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Аталған оқу-жаттығуға орман шаруашылығы КММ-нің 6 дана – өрт сөндіру автокөлігі, 21 дана – патрульдік автомашиналары, 2 дана – соқалы трактор, 5 дана – тіркемелі су тасығыш трактор және 150-ге жуық жасақшылар жұмылдырылды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 15.09.2023 жылғы №493 және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар минстрлігінің 14.09.2023 жылғы №257Ө «Төтенше жағдайға (табиғи өртке) ден қою кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмін бекіту туралы» бірлескен бұйрықтарына сәйкес, «2025 жылғы өрт қауіпті маусымда Түркістан облысы аумағында орман және дала өрттерінің пайда болу және оларды жою тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар Кезеңдік жоспары» бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды.
«Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін» әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 79,9 млн.тенге қаржы қарастырылып, жұмыстар жүргізілді.
Халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп қисаптарын жүргізуді және олардың негізінде елді мекеннің шекті жолы берілетін шығарындыларының жиынтық томын жасау үшін облыстық бюджеттен 91,8 млн.тенге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
«Экологиялық тәрбие мен білімді дамыту» іс-шарасына облыстық бюджеттен 3,8 млн. теңге қаржы бөлініп, «Табиғатты аялайық», «Қоршаған ортаға ұқыпты қарайық», «Қалдықтарды бөлек жинайық» акциялары жүргізілді.