Акционерное общество ""Совместное предприятие ""Акбастау"" қоғамдық тыңдау өткізеді

Орналастыру күні Хабарландыру
22.11.2025

«БК «Ақбастау» АҚ 2025–2026 жылдарға арналған «Түркістан облысы, Сузак ауданы, Буденов кен орнының №1, 3, 4 телімдері бойынша геотехнологиялық полигонды кеңейту құрылысы» жұмыс жобасы материалдары (ҚОӘБ бөлімі, ластаушы заттардың рұқсат етілетін шығарындыларының нормативтері (РШН), өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭБ), қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары (ҚОҚІЖ)) бойынша ықпал етуге экологиялық рұқсат алу жөніндегі өтінім материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Әсер етуі мүмкін және қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Түркістан облысы, Сузак ауданы, Қаратау ауылдық округі, Бақырлы ауылы.

Қоғамдық тыңдаулар 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 15:00-де келесі мекенжайда өтеді: Түркістан облысы, Сузак ауданы, Қаратау ауылдық округі, Бақырлы ауылы, Жиенбет Батыр көшесі, 11-үй, әкімдік ғимараты.

Қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыс форматында өткізіледі.

Онлайн қосылу сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/6165408596?pwd=a1o0a3ROUGROYm1xZDZtbXJnTkNRUT09

Конференция идентификаторы: 616 540 8596

Қол жеткізу коды: 123456

Өзіңізбен бірге жеке куәлікті алып келу қажет.

Ашық жиналыстың өткізілу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Жоспарланып отырған қызметтің бастамашысы: «БК «Ақбастау» АҚ, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сузак ауданы, Чулаққұрған ауылдық округі, Чулаққұрған ауылы, Жібек жолы көшесі, 67, БСН 061140001976, Тел.: +7 (725) 299-7390, E-mail: yeuzbekov@akbastau.kazatomprom.kz

Жобаның әзірлеушісі: «SAAF Group» ЖШС, 160023, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 16/14, БСН 051240000642, Тел.: +7 702 092 70 88, E-mail: saaf.group@mail.ru

Қоғамдық тыңдауға шығарылған материалдармен, сондай-ақ тыңдаулар аяқталғаннан кейін жарияланған хаттамамен Бірыңғай экологиялық порталдан https://ndbecology.gov.kz және мемлекеттік органның ресми сайтынан https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tabigi-resurstar?lang=ru  танысуға болады.

Жоспарланып отырған қызмет, қоғамдық тыңдауларды өткізу, сондай-ақ жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша қосымша ақпаратты +7 705 893 3331 телефоны және saaf.group@mail.ru электрондық поштасы арқылы алуға болады.

Жоба құжаттамасына және жарияланған хаттамаға қатысты мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары Бірыңғай экологиялық портал арқылы, сондай-ақ «Түркістан облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне келесі мекенжай бойынша қабылданады:

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 32-ші көше, 20-үй, электрондық пошта: a.erkebai@ontustik.gov.kz

   
   
   
   
   
материалы
Дата публикации
22 ноября 2025