Мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпарат
Орман шаруашылығы бойынша
Мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасының орындалу барысы
Облыстың мемлекеттік орман қоры жерлеріне 2021-2025 жылдары 170,0 млн көшетті 110210 гектарға егу жоспары жасалынып, Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісіліп Кешенді жоспар қабылданды.
Кешенді жоспарға сәйкес 2021 жылы 14600 га жерге 21652,2 мың көшет, орындалғаны 15120 га жерге 22139,3 мың көшет егілді, ал 2022 жылға 16200 га жерге 23818,0 мың дана, 2023 жылғы 20300 гектар жерге 32 214 мың дана ағаш көшеттерін егу жоспары толығымен атқарылды.
Жалпы 2021-2023 жылдарда 51,5 мың гектар жерге, 78,2 млн. дана көшет егілді.
2024 жылға 27 500 гектар жерге, 43 млн. 149 мың дана ағаш отырғызу жоспарлануда. (2025ж-31610га-51978,5мың дана көшет)
Жасыл белдеу құру жобасының орындалуы
Түркістан қаласын экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында қала айналасынан «Жасыл белдеу» құру туралы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап «Жасыл аймақ» КММ-мен атқарылып келеді.
Облыстың экологиялық аймақта орналасу ерекшелігіне қарамастан (топырақтың құмшауыт және сортаң болуы, жаз мезгілінде аптап ыстық және желді ауа-райы) мекеме тарапынан егу-себу, күтіп-баптау жұмыстары тиісті деңгейде кезең-кезеңімен атқарылуда.
Бүгінгі күнге, «Жасыл аймақ» КММ-мен Түркістан қаласы айналасынан 28335 гектар орман қоры жері санатына өткізіліп, оның 19020,0 гектар аумағына мәдени орман екпелері отырғызылды. Жасыл белдеу көлемін 42 000 гектарға жеткізу жоспарлануда.
Уран өндіруші компаниялардың мемлекеттік орман қоры жерлерін пайдаланғандары үшін ҚР Орман кодексінің 54 бабы 1-1 тармағына сәйкес, алғашқы үш жылы бойы пайдаланылатын учаскенің екі есе мөлшерінде орман екпелерін өтемдік отырғызуды және орман айналған алаңға ауыстырылғанға дейін оларды күтіп-ұстау белгіленген.
Осы негізде, Уран компаниялары орындалатын 20107 гектар өтемдік екпелерді отырғызу көлемі жоспарға сәйкес атқарылуда.
Қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша
Бүгінгі таңда облыс аумағында 128 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленген. Қазіргі таңда, ҚТҚ полигондардың 70% санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейді.
Қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын санитарлық-экологиялық нормаға сәйкестендіру мақсатында, «Түркістан облысы аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын оңтайландыру және талапқа сәйкестендіру жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары кезең-кезеңімен ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
2020-2023 жылдары аудандық бюджет есебінен 16 жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. 2024 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Созақ ауданында Қаратау, Қарақұр, Жуантөбе ауыл округтеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарында құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қатты тұрмыстық полигондарды оңтайландыру мақсатында Түлкібас ауданында 8, Отырар ауданында 16 полигон жабылып, жерлері жер қорына өткізілді.
Бүгінгі күнгі әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі ол қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару. Халық санының артуымен, қатты тұрмыстық қалдықтардың да көлемі артып келеді.
2024 жылдың қорытындысымен облыста жалпы 94 мың тонна қоқыс жинақталса, оның 24 мың тоннасы қайта өңдеуге бағытталып, қайта өңдеу үлесі 26%-ды құрады.
Үстіміздегі жылы 31 пайызға жеткізу жоспарланып, 3-тоқсанның қортындысымен жалпы 40 мың тонна қоқыс жинақталып, оның 11 мың тоннасы қайта өңдеуге бағытталды (28%).
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу саласына келетін болсақ, бүгінгі күні облыста қайта өңдеу және сұрыптаумен 18 мекеме айналысады.
Оның ішінде, 13 мекеме қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптаумен, 5 мекеме қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жасыл даму» АҚ механизмі арқылы кәдеге жарату төлемінің қаражаты есебінен қалдықтарды бөлек жинау, тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы сыйақы мөлшерлемесі 3%-бен 15 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген қаржыландыруға облыстан 2 жоба ұсынылып, 1 жоба қаржыландырылды, 2-ші жоба бойынша берілген кемшіліктер түзету жұмыстары жүргізілуде.
Балық шаруашылығы бойынша
2023 жылы Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) субсидиялауға 500 000 мың теңге бөлініп, 31 шаруашылыққа қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, инвестициялық субсидиялауға 123 млн 822 мың тенге субсидия көрсетілді. Ағымдағы жылы, Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы субсидиялауға 500 000 мың теңге, инвестициялық субсидиялауға 237 500,0 мың теңге бөлініп, субсидиялау бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасының балық шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 35 кәсіпкерге 249,5 млн теңге жеңілдетілген несие берілді. Ағымдағы жылға 1 млрд 42 млн теңге қаржы қарастырылуда.
Сонымен қатар, Облыс әкімдігінің тапсырмасымен облыста балық шаруашылығын дамыту бағытында жасанды балық өсіру шаруашылықтарын құру бойынша қызығушылық танытқан бизнес өкілдері мен жеке тұлғаларға шаруашылық құру алгоритімін түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
«Бұхар бұғылары тұқымбағы» 1999 жылы құрылған. Бұхар бұғылары тұқымбағы мекеменің Қызылшаруа орманшылығы №22 орамында орналасқан. Бұхар бұғыларын күтіп баптау жұмыстарын мекеменің штаттық кестесіне сәйкес 4 штаттық бірлік, олар 1 бұғышы, 2 бұғышы көмекшісі, 1 мал дәрігері жұмыс атқарады. Қазіргі таңда, Бұхар бұғысының саны – 226 басқа жетті.
Сонымен қатар, Созақ орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіне Құлан мен Қарақұйрық аңдарын «Алтын Емел» ұлттық паркінен 40 басын жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылдың қорытындысы бойынша – сұғанақтықтың (браконьерство) алдын алу мақсатында орман күзеті қызметкерлерімен 1216 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, 420 заң бұзушылық фактілері анықталды. Заң бұзушыларға 9316,675 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 6818,875 мың теңгесі өндірілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу бойынша ҚР Қылмыстық кодекс бойынша факті тіркелген жоқ. Сұғанақтықтың алдын алу шаралары тұрақты түрде жалғасын табуда.
2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған 63 экологиялық рұқсаттар берілді.
III санаттағы объектілерге және ҚР заңдарында көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне 343 мемлекеттік экологиялық сарраптама қорытындысы берілді.
ҚР Экология Кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру басталғанға дейін немесе жүзеге асыру процесінде ұйымдастырылған қоғамдық тыңдаулар.
136 ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды.
380 жария талқылаулар арқылы өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы түзілді.
236 қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялар қабылданды.