Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 29-бабына сәйкес, «2024-2026 жылдарға арналған Түркістан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» Түркістан облыстық мәслихатының 13.12.2023 жылғы №7/105-VIII шешімімен бекітілді.
Жалпы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 48 іс-шараны қамтиды.
2025 жылдың 6-ай қорытындысымен:
Кентау қаласының елді мекендерін табиғи газға қосу үшін бюджет есебінен 783,6 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Жетісай ауданының елді мекендерін табиғи газға қосу үшін жалпы 1 105,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Мақтаарал ауданының елді мекендерін табиғи газға қосу жалпы 2 411,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Сауран ауданының елді мекендерін табиғи газға қосу үшін бюджет есебінен 650,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы)өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялауға 2025 жылға облыстық бюджеттен 500,0 млн теңгеге 32 кәсіпкерден өтінім түсіп, мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы аясында республика бойынша 5 жылда республиканың мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2,0 млрд. көшет егу жоспары аясында Түркістан облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2021-2025 жылдары 110 мың гектарға 170 млн көшет егу жоспары жасалынып, кешенді жоспар бекітілген.
Жалпы көлемнің 2021-2024 жылдарда 79,0 мың гектар жерге 117,0 млн дана көшет егіліп, жоспар орындалды. 2024 жылы Кешенді жоспар көрсеткіші Министрліктің ұсынысы негізінде Үкімет тарапынан 2 млрд. көшет егу жоспарының мерзімі 2027 жылға дейін созуға келісім алынып, Облыс әкімдігімен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарын белгіленген көлемдерден төмен емес денгейде қайта қарастырылып, 2021-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспар 2024 жылы қайта бекітілді. Алғашқы бекітілген Кешенді жоспардың 2024 жылғы көрсеткіші толығымен орындалды, 27866,5 га - 39757,7 мың дана көшет егілді. 2025 жылғы жоспар көрсеткіші - 16500 га, 2026 жылға - 13600 га, 20227 жылға - 13510 га болып, алғашқы Кешенді жоспар көрсеткішінен кем емес көлемде бекітілді. Ағымдағы жылдың 6 айында мәдени орман алқабын құруға жер дайындау жұмыстары 53,9 пайызға орындалды (17025,5 мың теңге қаржы жұмсалды). 2025 жылдың күз айларында сексеуіл тұқымын теру (жинау) мен себу жұмыстары атқарылады.
Қала және елді мекендерде 15 млн. көшет егудің облыстық Аймақтық жоспарын орындау (625 900 дана) бойынша Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы аясында жалпы республика бойынша елді мекендерде 15 млн көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 1,5 млн көшет отырғызу жоспарланған.
Сонымен қатар, Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді- мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген.
2025 жылдың 6-айында аудан, қала елді мекендерін көгалдандыруға демеушілер есебінен 509 839 дана әртүрлі көшеттер егілді.
Созақ ауданы Жуантөбе ауыл округіне қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 160,0 млн.тенге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.Арыс қаласындағы Жиделі және Қожатоғай ауыл округтеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 19,5 млн.тенге қаржы қарастырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Кентау, Созақ аудандарында коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу үшін жергілікті бюджет есебінен 4,0 млн. теңге қаржы бөлініп әзірленді.
Облыс аумағында Созақ ауданында 17, Отырар ауданында 2 радиациялық қауіпті нысандар жұмыс атқаруда. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аумақтық басқармалары тарапынан санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМҚ Түркістан облысы бойынша филиалы және аумақтық бөлімшелерімен нысандарға радиациялық, химиялық микробиологиялық зерттеулер жүргізілуде.
Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жабдықтау бойынша орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне ағымдағы жылы республикалық бюджеттен өртке қарсы материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету үшін (арнайы көлік-құралдары мен өрттерді ерте анықтауға ұшқышсыз ұшу апараттарына және өрт бақылау мұнараларына) 7 578 584 теңге қарастырылған болатын.
Алайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» (бұдан ары – норма мен норматив) №18-02/664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ЭТРМ-нің бұйрығына сәйкес, жаңа редакцияға байланысты, 100 (%) пайыздық көрсеткіш қаражаты есебінде ұсынылған 2024-2027 жылдары 3 834 067 теңгені республикалық бюджет есебінен қаржыландыралатын трансферттерге (ТОХ) енгізілген жағдайда, материалдық-техникалық жарақтандыруды жергілікті бюджет есебінен қарастыру мүмкіндігі бойынша облыс әкімдігі тарапынан келісім берілді.
ҚР ТЖМ және ҚР ЭТРМ тарапынан мемлекеттік орман қорындағы орман өрттерін сөндіру үшін мемлекеттік өртке қарсы қызметті тарту тәртібі туралы келісімнің 4-бабы, 8-тармақтың 8-тармақшасын басшылыққа ала отырып 2025 жылдың 30 сәуір күні Түркістан облысы, Түлкібас ауданы «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровпен 16.05.2025 жылы «2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында өткізілетін «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу» өткізу бойынша бекітілген жоспары мен ұйымдастырушылық нұсқаулығына сәйкес, Түркістан облысы, Келес ауданында оқу-жаттығу өткізілді.
«Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін» әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 79,9 млн.тенге қаржы қарастырылып, мердігер анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп қисаптарын жүргізуді және олардың негізінде елді мекеннің шекті жолы берілетін шығарындыларының жиынтық томын жасау үшін облыстық бюджеттен 91,8 млн.тенге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілдуе.
«Экологиялық тәрбие мен білімді дамыту» іс-шарасына облыстық бюджеттен 3,8 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жалпы : 5 825,6 млн.теңге