| орналастыру күні | хабарландыру |
| 09.07.2025 ж. |
««ЮГХК» БК» ЖШС «Оңтүстік» өндірістік алаңы объектілерінің құрылысы» жобасы бойынша қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алуға арналған қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Тыңдаулар Түркістан облысының аумағында орналасқан «Оңтүстік Инкай» кеніші бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) бөлімі, ластаушы заттардың рұқсат етілген шығарындыларының нормативтері (РЕШН), өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭББ), қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), табиғат қорғау іс-шараларының жоспары (ТҚІЖ) құжаттарына қатысты өткізіледі. Қоғамдық тыңдаулар 2025 жылғы 12 тамызда сағат 12:00-де Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек ауылдық округі, Тайқоңыр ауылы, Демур мәдениет үйі ғимаратында өтеді. Онлайн қосылу сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/6165408596?pwd=a1o0a3ROUGROYm1xZDZtbXJnTkNRUT09. Конференция идентификаторы: 616 540 8596 Құпия сөз: 123456 Бастамашы ұйым: «БК «ЮГХК» ЖШС Қазақстан Республикасы, 160019, Шымкент қаласы, Д.Қонаев даңғылы, 23 А, тел: +7 /7252/ 99 73 93, БСН: 140840001183, E-mail: info@ughk.kazatomprom.kz. Жобалаушы ұйым: «SAAF Group» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 116 үй, 7 корпус, 14 пәтер БСН: 051240000642 Қоғамдық тыңдауға шығарылатын материалдармен және кейін қоғамдық тыңдаулар хаттамасының жарияланған нұсқасымен келесі ресурстарда танысуға болады: біртұтас экологиялық портал: https://ecoportal.kz, ЖАО сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat?lang=ru Жобаланатын қызмет туралы қосымша ақпаратты, қоғамдық тыңдаулар өткізу тәртібін, тиісті құжаттардың көшірмелерін алу бойынша келесі байланыс құралдары арқылы хабарласуға болады: тел.: +7 702 092 70 88, электронды пошта: saaf.group@mail.ru Жоба құжаттамасына және жарияланған хаттамаға қатысты мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары біртұтас экологиялық портал арқылы, сондай-ақ Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына мына мекенжай бойынша қабылданады: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау трассасы, 2, электрондық пошта: a.erkebai@ontustik.gov.kz.
|