Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI ҚРЗ Экологиялық Кодексінің 21 бабы 3 тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпарат:
2024 жылы басқармамен келесідей жұмыстар атқарылды:
- Аудан, қалаларды көгалдандыруға 960 мың дана ағаш көшеттері босатылды;
- Түркістан қаласының айналасынан отырғызылған Жасыл белдеу аумағы 21,5 мың га жетті;
- Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу 26%-ға орындалды;
- Арыс және Келес өзендерінің 553 км су қорғау аймағы мен белдеуі орнатылды;
- 7509 тонна тауарлы балық өндірілді;
- Жергілікті бюджеттен тауарлы балық өндірушілерге 500 млн. теңге субсидия берілді;
- Басқармамен ІІ-санатқа 87 экологиялық рұқсат берілді;
- Басқармамен 220 қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында алдағы 5 жылда республиканың орман қоры жерлерінде 2 млрд., ал, елді мекендерде 15 млн. түп көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдары облыстың орман қорында 110 мың гектарға 170,0 млн көшет егу бойынша Кешенді жоспары және облыстың қала, аудандарының елді мекендерінде 1,1 млн. көшет егу бойынша Аймақтық жоспар Экология министрлігімен келісіліп, Әкімдікпен бекітілген.
Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2023 жылдарда 51,6 мың гектар жерге 78,0 млн. дана көшеттер егіліп, жоспар толығымен орындалды.
2024 жылға 15500 гектарға 25648,7 мың дана көшет егудің жаңа бекітілген жоспары 27867 гектарға және өткен жылдардағы егілген мәдени орман екпелерін толықтырулармен қоса алғанда 39757,7 мың дана көшет егіліп, жоспар 155% артығымен орындалды
Аталған жұмыстарды орындау үшін орман шаруашылық мекемелері 98 дана арнайы техникалармен, 92 дана аспалы жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Түркістан қаласының айналысынан, қазіргі таңға жасыл белдеу құруға 30,0 мың гектар жерге мемлекеттік акт алынып, мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылуда.
2024 жылдың күз және 2025 жылдың көктем айларында жасыл белдеу аумағында орман екпелерін отырғызу және толықтыру жұмыстары (КазАтомПром көлемін есептемегенде) 17 019 гектар жерде атқарылды. Негізгі басымдылық Түркістан қаласын айнала қоршап тұрған жасыл белдеудің 8185 гектар аумағына Түркістан қаласының аумағына жерсінген мекеменің тұқымбағындағы көшеттер пайдаланылуда.
Облыс аумағында 128 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленіп, барлығына қоршаған орта эмиссиясына рұқсат қағаздары алынып, құжаттандырылған.
Облыс аумағында қоқыстарды жинау, шығару және тасымалдау қызметімен 60-қа жуық мекеме айналысады.
Қазіргі таңда облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеумен айналысатын 18 мекеме жұмыс атқарады. Оның ішінде, 13 мекеме қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптаумен (пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтары, шыны сынықтары, түсті, қара металдар, картон, қағаз, макулатура), 5 мекеме қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады.
2024 жылға жылы 94275 тонна қоқыс жинақталып, оның 24 514 тоннасы қайта өңдеуге бағытталып, қайта өңдеу көлемі 26%-ды құрады.
Әлеуеті зор экономика салаларының бірі - балық шаруашылығы саласы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №208 қаулысымен, Түркістан облысы бойынша 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20,0 мың тоннаға жеткізу қажет.
Жасанды жолмен өсіру бойынша Түркістан облысы Республика көлемінде көшбасшы болып табылды. (2022 жылы - 6112,85 тонна, 2023 жылы 6847 тонна балық өндірілді).
Бағдарламаға сәйкес, 2024 жылға 7000 тонна балық өсіру жоспары бекітіліп, жыл қорытындысымен толық орындалады.
Сонымен қатар, кәсіпшілік балық аулаудан 2683,4 тонна балық ауланып, 69307,0 мың теңге түсім түсті.
Экспортқа бағыталған ірі 4 кәсіпорын жұмыс жасауда. (жылдық қуаттылығы 12,0 мың тонна). 2024 жылы 1760,3 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортталды.
Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар қарастырылып, мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялаға жергілікті бюджеттен 2024 жылы 500,0 млн теңге бөлініп, 31 балық шаруашылығы субъектісінің шығыстары өтелді.
2025 жылға жоспар: