Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 29-бабына сәйкес, «2024-2026 жылдарға арналған Түркістан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» Түркістан облыстық мәслихатының 13.12.2023 жылғы №7/105-VIII шешімімен бекітілді. Жалпы республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын 48 іс-шара қамтылған.
Іс-шара жоспарында 2024 жылы атқарылуы тиіс тармақтардың орындалуы интернет-ресурсында жарияланды. Ал, үстіміздегі жылы жоспардағы тармақтардың басым бөлігі 2 тоқсаннан жыл соңына дейін орындалады.