""Казахстанско-Российско-Кыргызское совместное предприятие с иностранными инвестициями ""ЗАРЕЧНОЕ"" АҚ қоғамдық тыңдаулар өткәзеді

орналастыру күні хабарландыру
23.04.2025 ж.

«ЗАРЕЧНОЕ» БК ҚРК» АҚ «Қазақстан Республикасының Түркістан облысындағы «ЗАРЕЧНОЕ» уран кен орны учаскесін игеру жобасы» (№11 толықтыру) бойынша материалдар негізінде қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алу бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды. Қоғамдық тыңдауларда «ЗАРЕЧНОЕ» уран кен орны үшін ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті мөлшерлері (РШМ), өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭБ), қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары (ҚОҚІЖ) қарастырылады.

Географиялық координаттары: 42°34'22.49"С және 68°5'1.45"Ш.

Әсер ету аймағының географиялық координаттары (Тимур ауылы): 42°49'34.99"С және 68°26'29.09"Ш.

Қоғамдық тыңдаулар 2025 жылғы 26 мамырда сағат 11:00-де мына мекенжайда өтеді: Түркістан облысы, Отырар ауданы, Тимур ауылдық округі, Тимур ауылы, Мұхтар Әлиев көшесі, 7-үй, ауыл әкімдігі ғимараты.

Қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыс форматында өтеді.

Онлайн қосылу сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/6165408596?pwd=a1o0a3ROUGROYm1xZDZtbXJnTkNRUT09     

Конференция идентификаторы: 616 540 8596

Қатысу коды: 123456

Жоспарланып отырған қызметтің бастамашысы – «ЗАРЕЧНОЕ» БК ҚРК» АҚ, яғни Қазақстан-Ресей-Қырғызстан бірлескен кәсіпорны (шетелдік инвестициялармен), мекенжайы: 160023, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Қазыбек би көшесі, 44-үй, тел./факс: 8 (7252) 99 71 99, E-mail: zarechnoe@zarechnoe.kazatomprom.kz.

Жобаны әзірлеуші – «SAAF Group» ЖШС, мекенжайы: 160023, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Байдібек би даңғылы, 116-үй, 7-ғимарат, 14-пәтер, БСН 051240000642, тел.: +7702-092-70-88, e-mail: saaf.group@mail.ru.

Жоба құжаттамасына және жарияланған хаттамаға қатысты қоғамның мүдделі өкілдерінің ескертулері мен ұсыныстары Бірыңғай экологиялық портал арқылы, сондай-ақ келесі мекенжайда қабылданады:

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 32-көше, 20-ғимарат, Түркістан облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, тел.: 8 (72533) 5-98-49, e-mail: a.erkebai@ontustik.gov.kz, ndbecology.gov.kz.
   
   
   
   
   
материалы
Дата публикации
23 апреля 2025