Ішкі талдау жұмыстары 21 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі

Құрметті желі қолданушылары!

 

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Дауылбаевтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!

​Ішкі талдау жұмыстары 21 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.

Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Байланыс: 8-725-33-5-98-53, 8-700-205-98-53

Эл.почта: a.tashtanova@ontustik.gov.kz

 

Обявление
Дата публикации
04 апреля 2025