«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ҚР ЭК 37-бабына сәйкес «Түркістан облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін» әзірлеуде. Жобаның орындаушысы «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС болып табылады.
Жұмыс бағдарламасымен қосымшада тіркелген файл бойынша танысуға болады. Қызығушылық танытқан белсенділердің ескертулері мен ұсыныстары жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: sadvakasov.e@ecoservice.kz немесе Түркістан қаласы, 32-көше, «Басқармалар үйі», Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, 323 бөлме.