2024-2026 жылдарға арналған Түркістан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2024 жылға орындалуы

2024-2026 жылдарға арналған Түркістан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2024 жылға орындалуы

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 29-бабына сәйкес,  «2024-2026 жылдарға арналған Түркістан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» Түркістан облыстық мәслихатының 13.12.2023 жылғы №7/105-VIII шешімімен бекітілді.

Жалпы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 48 іс-шараны қамтиды.

2024 жылдың қорытындысымен:

Кентау қаласының елді мекендерін табиғи газға қосу үшін Самұрық бюджет есебінен 935,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі.

Жетісай ауданының елді мекендерін табиғи газға қосу үшін жалпы 4 711,0 млн. теңге қаржы бөлінді. ( ҰҚ-2 397,0 млн.тең, РБ 166,0 млн.тең, ОБ 1 351,3 млн.тең, Самұрық 796,5 млн.тең)

Мақтаарал ауданының елді мекендерін табиғи газға қосу жалпы 4 888,0 млн. теңге қаржы бөлінді. ( ҰҚ-620,0 млн.тең, РБ 488,8 млн.тең, ОБ 119,1 млн.тең, Самұрық 3 652,0 млн.тең)

Сауран ауданының елді мекендерін табиғи газға қосу үшін Самұрық бюджет есебінен 1 241,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі. (газдандыру жұмыстары 2024 жылдың 11 айдың қортындысымен орындалған қаржы көлемі)

Ордабасы ауданы, Төрткөл а/о Р-10-1 және Құрманбек каналдарының күрделі жөндеу жұмыстарына 2025 жылы Ислам даму Банкі есебінен қаржыландыру жоспарлануда.

Алайда, 2024 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен 1 652,0 млн. теңгеге Ордабасы ауданындағы Р-1, Р-11-К, Р-12 каналдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарын 2025 жылы толық аяқтау жоспарлануда.

Кентау қаласындағы кәріз тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысын жүргізу үшін 100,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Арыс және Келес өзендеріне су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жұмыстарына облыстық бюджеттен 371,5 млн.теңге қаржы қарастырылып, су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылды.

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы)өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялауға 2024 жылға облыстық бюджеттен 500,0 млн теңгеге 31 кәсіпкерден өтінім түсіп, мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд. ағаш көшеттерін егудің облыстық Кешенді жоспарын орындау (95 043 650 дана) бойынша 2024 жылы мемлекеттік орман коры аумағында 27 867 га алаңға 1 457,8 млн.теңге қаржы бөлініп, 43 065,13 мың дана сексеуіл ағаштары отырғызылды.

Қала және елді мекендерде 15 млн. көшет егудің облыстық Аймақтық жоспарын орындау (625 900 дана) бойынша Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы аясында жалпы республика бойынша елді мекендерде 15 млн көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 1,5 млн көшет отырғызу жоспарланған.

Сонымен қатар, Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді- мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген.

2024 жылы аудан, қала елді мекендерін көгалдандыруға жергілікті бюджеттен 47,0 млн.теңгеге және демеушілер есебінен 997 429 дана әртүрлі көшеттер егілді.

Созақ ауданы Қаратау, Қарақұр ауыл округіне қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 438,1 млн.тенге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.

Жетісай, Шардара, Мақтаарал аудандарында коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу үшін жергілікті бюджет есебінен 4,5 млн. теңге қаржы бөлініп әзірленді.

Түркістан қаласында қоқыс контейнерлерін жаңарту және қосымша жарақтандыру бойынша Түркістан қаласына 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен 28,0 млн. теңгеге 300 дана қоқыс контейнерлері Жаңа қала көп қабатты үйлердің аулаларында қойылды.

Ал, Мақтаарал ауданында қоқыс контейнерлерін жаңарту және қосымша жарақтандыру бойынша жергілікті бюджеттен 46 дана қоқыс контейнерлерге 5,5 млн.теңге қаржы бөлініп, орнатылды.

Облыс аумағында Созақ ауданында 17, Отырар ауданында                                                 2 радиациялық қауіпті нысандар жұмыс атқаруда. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аумақтық басқармалары тарапынан санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМҚ Түркістан облысы бойынша филиалы және аумақтық бөлімшелерімен нысандарға радиациялық, химиялық микробиологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жабдықтау бойынша орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне ағымдағы жылы республикалық бюджеттен өртке қарсы материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету үшін (арнайы көлік-құралдары мен өрттерді ерте анықтауға ұшқышсыз ұшу апараттарына және өрт бақылау мұнараларына) 7 578 584 теңге қарастырылған болатын.

Алайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» (бұдан ары – норма мен норматив) №18-02/664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ЭТРМ-нің бұйрығына сәйкес, жаңа редакцияға байланысты, 100 (%) пайыздық көрсеткіш қаражаты есебінде ұсынылған 2024-2027 жылдары 3 834 067 теңгені республикалық бюджет есебінен қаржыландыралатын трансферттерге (ТОХ) енгізілген жағдайда, материалдық-техникалық жарақтандыруды жергілікті бюджет есебінен қарастыру мүмкіндігі бойынша облыс әкімдігі тарапынан келісім берілді.

Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимылы жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу Қазығұрт ауданында 15-16 мамыр күндері өткізілді.

Түркістан облысы аумағындағы орман және дала өрттерімен байланысты төтенше жағдайларды жою бойынша іс-әрекеттер жоспары әзірленіп, облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілді.

Су үнемдеу технологияларын ендіру  (тамшылатып суғару)

Қазіргі таңда облыс көлемінде су үнемдеу технологияларын ендіру бойынша 2024 жылға жоспар толық орындалды.

«Экологиялық тәрбие мен білімді дамыту» іс-шарасына облыстық бюджеттен 1,0 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

 

Дата публикации
29 января 2025