«Мирас Байкен» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

Орналасу күні Хабарландыру
24.01.2025 ж.

     

«Мирас Байкен» ЖШС Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізетіні туралы хабарлайды. Жобалық құжаттаманың атауы: «Түркістан облысындағы Баялдыр қалдыққоймасының техногендік минералды түзілімдердің тау-кен жұмыстары жоспарына ықтимал әсер ету туралы есеп».

Кен өндіру алаңының ауданы 1 000,9 га  құрайды. Координаттар: 1. 48°30'00"  68°26'00"; 2. 48°32'00" , 68°26'00"; 3. 48°32'00"; 68°28'00"; 4. 48°30'00", 68°28'00" .

 Қоғамдық тыңдаулар 28.02.2025 сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Кентау Ғ.А., Кентау қаласы, Тәжімбетов көшесі, 46 а 1 қабат, конференц-зал

Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда танысуға болады https://ecoportal.kz/, сондай-ақ «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ЖАО сайтында e-priroda.gov.kz «қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tabigi-resurstar?lang=ru.

Қоғамдық тыңдаулар аралас форматта өтеді (ашық жиналыс және ZOOM платформасында бейнеконференция).

Конференция:https://us04web.zoom.us/j/6165408596?pwd=a1o0a3ROUGROYm1xZDZtbXJnTkNRUT09

Идентификатор: 616 540 8596 Код : 123456

Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 20 ғимарат, «Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, тел. қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады: 8(7253)33659. Электрондық мекен-жайы: a.erkebai@ontustik.gov.kz.

Ұсынылған қызметтің бастамашысы: «Мирас Байкен» ЖШС Алматы қ., Тимирязев к. 37,  тел: 7 (777) 414-90-10, E-mail: asadykova@mcg-kaz.com   ,  БСН 180640004366.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «LegalEcologyConcept» ЖШС, Өскемен қ., 070002, М. Горького 21.к-сі, 9, БСН: 211040029201, Тел.: +7 (777) 414-90-10, e-mail: toolec21@gmail.com.

Қосымша ақпаратты электрондық пошта арқылы алуға болады: toolec21@gmail.com және тел: +7 (777) 414-90-10.

07.03.2025 жыл

Протокол

Хаттама

Бейнежазба сілтемесі https://t.me/NlhZ0KCkyzJkYTli 
 

Қоғамдық тыңдаулар хаттамасының 15-тармағында, Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидасының 23-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «қоғамдық тыңдаулар өткізілмеді деп танылды» деп көрсетілген.    

Алайда, Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидасының 23-тармағына сәйкес, қоғамдық тыңдаулар мынадай жағдайларда өтпеді деп есептеледі:

1) мүдделі жұртшылықтың өкілдері болмаған кезде;

2) қоғамдық тыңдаулардың құжаттары бойынша баяндама жасалмаған жағдайда;

3) Ақпараттық жүйеде және ресми интернет-ресурста орналастырылған құжаттарда баяндалған ақпарат баяндамаға және ашық жиналыс арқылы өткізілетін қоғамдық тыңдауларда тыңдалатын құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда;

4) белгіленген қызметті жүзеге асыру нәтижесінде аумағына әсер етуі мүмкін әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесіне кірмейтін әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында қоғамдық тыңдауларды өткізген жағдайда өтпеді деп есептеледі.

Жоғарыда аталған себептер бойынша өткізілмеген тыңдаулар туралы қоғамдық тыңдаулардың төрағасы хабарлайды.

Басқарма өткізілмеген тыңдаулар туралы үш жұмыс күні ішінде порталда және Басқарманың ресми интернет-ресурстарына өткізілмеген қоғамдық тыңдаулар туралы хабарламаны «Қоғамдық тыңдаулар» айдарында орналастырады.

Алайда, «Мирас Байкен» ЖШС-нің 28.02.2025 жылы қоғамдық тыңдаулары өткізілген және бейнежазбасы түсіріліп хаттама әзірленген.

Хаттамаға 05.03.2025 жылы төраға және хатшы қол қойған.

Басқарма қағиданың 29-тармағына сәйкес, қол қойылған хаттаманы, оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзім ішінде порталға және өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.

Жоғарыда аталған негіздер бойынша хаттама порталға және басқарманың ресми интернет-ресурстарына орналастырылды.

Сонымен бірге, тұрғындар тарапынан ұсынылған жоба бойынша ұсыныстар және ескертпелер, порталда және хаттаманың қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін және өткізу кезінде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесінде ұсынылды.

Осыған байланысты, ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына қорытынды беру кезінде және әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру кезінде тұрғындар тарапынан ұсынылған жоба бойынша ұсыныстар және ескертпелер ескерілу қажет.

   
   
Материалы
Дата публикации
24 января 2025