Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу
бойынша әдістемелік ұсынымдарға
5-қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Түркістан облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының басшысының м.а
__________________А.Хаметова
«______» ______ 2024 ж
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
(талдау объектісінің атауы)
|
р/с № |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Басқармаға бағынысты орман шаруашылығы КММ-де ұсынылатын жеке және заңды тұлғалардың қажетті мәліметтермен хат алмасуы қағаз жүзінде жүргізілуіне, сондай-ақ құжатайналым жүйесі болмауына байланысты мекеме мен сұраныс беруші арасында тікелей байланыс орнағандықтан, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі орын алуы мүмкін. |
Басқармаға бағыныстағы орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіреді.
|
Тиісті мекемеге ұсыныс хат жолдау |
Ұйымдастыру жұмысы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі |
18.09.2024ж |
|
2 |
Басқармаға бағынысты орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде «Ағаш кесу және орман билеттері» бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуі қағаз және электронды түрде берілуіне байланысты қызмет көрсетуші мен тапсырыс беруші арасында,сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауы мүмкін. |
Мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеуді үйлестіреді. |
Тиісті мекемеге ұсыныс хат жолдау |
Орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімі
|
18.09.2024ж |
|
3 |
Қызмет көрсетуші мен тапсырыс беруші арасында байланыс орнағандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауы мүмкін. |
Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын және су қорғау жобаларын жоспарлауға бөлінетін қаржылардың мақсатты және толық пайдаланылуын бақылау, мердігерлермен жасасқан келісім-шарттардың орындалу барысын және орындалған жұмыстардың актілері мен есептерін дер кезінде тапсырылуын бақылайды. |
Тиісті мекемеге ұсыныс хат жолдау |
Табиғат қорғау бағдарламалары мен жобаларын іске асыру бөлімі
|
18.09.2024ж |