«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау
АНЫҚТАМАСЫ
Түркістан қаласы 21.05.2024 ж.
Ішкі талдау жүргізу объектісінің толық атауы: Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары», Қазақстан Республикасының сыйбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2024 жылғы 26 наурыздағы №28-н/қ бұйрығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының персоналдық құрамы:
|
Б.Шәріпбеков
А.Хаметова
|
-
- |
басқарма басшысының орынбасары;
басқарма басшысының орынбасары;
|
|
Қ.Жорабаев |
- |
орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы; |
|
А.Еркебай |
- |
экологиялық реттеу бөлімінің басшысы; |
|
Б.Ибрагимова |
- |
табиғат қорғау бағдарламалары мен жобаларын іске асыру бөлімінің басшысы; |
|
Д.Сейітов |
- |
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану бөлімінің басшысы; |
|
С.Құсанғалиев |
- |
ұйымдастыру жұмысы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.
|
Ішкі талдауға өзге субъектілердің мамандары мен сарапшылары тартылған жоқ.
Талдау жүргізудің мақсаттары мен міндеттері
Талдаудың мақсаты Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу және жою, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Талдаудың міндеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және басқармадағы олардың салдарларын жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың бағыты:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2023 жылдың 16 мамырынан 2024 жылғы 21 мамырына дейін.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 11-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады:
1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер;
2) Түркістан облысы бойынша ІМАД және өзге де құзыретті органдарды тексеру нәтижелері;
3) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:
- ҚР Бюджеттік кодексі;
- ҚР Экологиялық кодексі;
- ҚР Орман кодексі;
- ҚР Су Кодексі;
- «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңы
- « Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы;
- ҚР АШМ «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы» бұйрығы;
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі;
- Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі;
- Мекеменің ішкі құжаттары (ереже):
- Атқаратын лауазымдарына сәйкес лауазымдық нұсқаулықтары.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма өз қызметінде бөлімдердің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік-құқықтық актілермен және құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Басқарманың ішкі құжаттарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқармада істер номенклатурасы бекітілген (2018 жыл). Бұйрықтарды тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұйрықтар саны; негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтар – 66, жеке құрам жөніндегі бұйрықтар –324 (мемлекеттік қызметшілер бойынша), 81 (келісімшарт негізінде қызмет атқаратын қызметшілер).
2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша: негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтар – 32, жеке құрам бойынша бұйрықтар –114 (мемлекеттік қызметшілер), 31 (келісімшарт негізінде қызмет атқаратын қызметшілер).
Басқарма бөлімдерінің ережелері мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында, сондай-ақ басқарма өз қызметін жүзеге асыру мен реттеу мақсатында қолданылатын ішкі құжаттардарда сыбайлас жемқорлық және бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
Басқарма қызметін іске асыруда Documentolog, ЦРМ, «Ашық бюджет», «Ашық деректер», «Е-өтініш», «Е-қызмет», т.б. ақпараттық жүйелері пайдаланылады.
Басқармаға бағынысты 7 коммуналдық мемлекеттік мекеме бар оның ішінде 4 мекеме орман шаруашылығымен, ал 1 мекеме ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласымен айналысады.
Аталған 7 мекемеге ұсынылатын жеке және заңды тұлғалардың қажетті мәліметтермен хат алмасуы қағаз жүзінде жүргізілуіне, сондай-ақ құжатайналым жүйесі болмауына байланысты мекеме мен сұраныс беруші арасында байланыс орнағандықтан, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі орын алуы мүмкін.
Ұсыныс.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
Талдау барысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша 175 өтініш келіп түскен, оның ішінде, арыз саны –114, шағым –2, ұсыныс –11, сұраныс,үн қосу-48.
2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында, 107 өтініш келіп түскен, оның ішінде, арыз саны –70, шағым –6, ұсыныс –6, сұраныс,үн қосу-25.
Басқармада және басқармаға бағынысты орманшаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің нормаларына сәйкес қаралады.
1-міндет. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың штаттық құрылымы Түркістан облысы әкімдігінің «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат құрылымы туралы» 2023 жылғы 2 қазан айының № 216 қаулысына сәйкес 21 бірлік (басқарма басшысы-1,басқарма басшысының орынбасары –2,бөлім басшысы – 5, бас маман – 13) болып бектілген, 5 бөлімнен тұрады:
- Ұйымдастыру жұмысы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі;
- Орман қоры ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімі;
- Жануарлар дүинесін пайдалану бөлімі
- Табиғат қорғау бағдарламалары мен жобаларын іске асыру бөлімі;
- Экологиялық реттеу бөлімі
Басқармада жалпы штат саны – 32, оның ішінде – мемлекеттік қызметшілер саны –21, нақты – 19, (1 орын уақытша бос бала күтіміне байланысты еңбек демалысында,) келісімшарт негізінде қызмет атқаратын қызметшілер саны – 11, нақты – 10, бос лауазым – 1;
2023 жылдың қорытындысымен 2024 жылдың 21 мамырына дейін:
Лауазымға іріктеу қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату барысында сыйбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады (мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімі аппаратында өткізілетін конкурстың нәтижесі негізінде конкурстық комиссия ұсынысына сәйкес және келісімшарт негізінде қызмет атқаратын қызметкерлер Түркістан қаласының жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде қабылданады).
2023 жылы ішкі конкурс тәртібімен 2 мемлекеттік қызметші және 2 мемлекеттік қызметші меритократия қағидасы бойынша мемлекеттік қызметке тағайындалды.
Жұмысқа қабылдау барысында біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін мамандар қабылданбады, және 2023 жылы жеке секторға кетуіне байланысты 1 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды. Жұмыстан босатылған қызметкерлермен шығу сұхбаттары жүргізілді.
2023 жылы мемлекеттік қызметтен босатылған қызметшілер жоқ.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 6 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған. Тәртіптік жазаларды қолдану барысында заң бұзушылықтар анықталмаған. Тәртіптік жазалар мерзімінен бұрын алынбаған.
2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 4 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған. Тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынбаған.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне және басқармаға бағынысты орманшаруашылығы КММ-де Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базасы арқылы сұрау салынып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құықбұзушылық әрекеттерге байланысты жауапкершілікке тартылғандар анықталмаған.
Ұсыным: Басқарма және басқармаға бағынысты орманшаруашылығы КММ-де жұмысқа жаңадан қабылданатын қызметкерлердің Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базасы арқылы сұрау салынып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құықбұзушылық әрекеттер бар жоғын анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізу.
2-міндет. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма қызметкерлерінің жеке құжаттарын қарау барысында мүдделер қақтығысы анықталмады, атап айтқанда, мемлекеттiк қызметшi өзiнiң жақын туыстары немесе жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды атқармайды.
Сонымен қатар, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, Басқарманың қызметін жүзеге асыру барысында қандай да бір да артықшылықтар көрсету анықталмады. Басқарма қызметкерлері қызметін бекітілген лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес іске асырады және әрекеттерінде құқықбұзушылықтар анықталмады.
Басқарма басшылығымен азаматтарды жеке қабылдау кестесі қалыптастырылып, қолжетімді жерге ілінген және интернет-ресурстарында жарияланған.
Басқармада дискредитациялық уәкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін нормалар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
3-міндет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша басқармада 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету басқарманың экологиялық реттеу, орман қорын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану,жануарлар дүниесін қорғау бөлімдерімен жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің тікелей қатынасын азайту мақсатында, яғни құжаттар тапсыруда, басқа да қызмет көрсетуде экологиялық реттеу және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 2023 жылға және 2024 жылдың 1 қаңтарынан 26 сәуір аралығында ішкі талдау жүргізілуіне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнама талаптарын сақталуы бойынша жұмыстар орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінде, жануарлар дүниесін қорғау және экологиялық реттеу бөлімдерінде жүргізілді.
Экологиялық реттеу бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қызметі толығымен автоматтандырылған, «Е-license.kz» порталы арқылы жүргізіледі.
2021 жылдың 2 қаңтарда жаңа Экологиялық Кодекс қабылданды және 1 шілдеден бастап қолданысқа енді. Жаңа Кодекске сәйкес ІV санаттағы нысандарға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілмейді, сонымен бірге ІІІ санаттағы нысандар бойынша декларация қабылданады.
Жаңа Экологиялық Кодекске сәйкес экологиялық реттеу бөлімі:
1) әсер етуге экологиялық рұқсаттар беру рәсімі шеңберінде II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде III санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына, мемлекеттік экологиялық сараптамасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне қатысты ұйымдастырады және жүргізеді;
2) II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттарды береді;
2023 жылдың қорытындысы бойынша:
- II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін 159 өтінім қаралып, 121 өтінім бойынша әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар берілді, 21 өтінім бойынша бас тартылды;
- III санаттағы объектілер және басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне 554 өтінім қаралып, 221 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары берілді, 235 бас тартулар берілді.
- 204 қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялар қабылданды.
ҚР Экологиялық кодекстің 96-бабына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті болып табылады. Демек, ҚР Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне, Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне және Басқармаға мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын барлық нысандар бойынша қоғамдық тыңдауларды Экологиялық реттеу бөлімі ұйымдастырады.
Қоғамдық тыңдаулар объектінің орналасқан жері бойынша өтеді.
476 қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды, оның ішінде ашық жиналыстар арқылы – 226, жария талқылаулар арқылы – 250. Барлық материалдар өтінім беруден бастап, қоғамдық тыңдаулар хаттамалары мен бейнежазбалары бірыңғай экологиялық порталда «Еcoportal.kz» және басқарманың ресми интернет ресурсында орналастырылған.
2023 жылы облыстық бюджетке қоршаған ортаны ластағаны үшін 1 118,8 млн.теңге түсті (орындалуы 100%).
2024 жылдың 1 қаңтар 26 сәуір аралығында:
- II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін 67 өтінім қаралып, 31 өтінім бойынша әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар берілді, 11 өтінім бойынша бас тартылды;
- III санаттағы объектілер және басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне 208 өтінім қаралып, 47 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары берілді, 97 бас тартулар берілді.
- 70 қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялар қабылданды.
2024 жылдың 1 қаңтар 21 мамыр аралығында 130 қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды, оның ішінде ашық жиналыстар арқылы – 57, жария талқылаулар арқылы – 73 . Барлық материалдар өтінім беруден бастап, қоғамдық тыңдаулар хаттамалары мен бейнежазбалары бірыңғай экологиялық порталда «Еcoportal.kz» және басқарманың ресми интернет ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған «Е-license.kz» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық тыңдаулар біріңғай экологиялық портал арқылы «Еcoportal.kz» ұйымдастырылады. Осыған орай, тапсырыс берушімен тікелей байланыс жүргізілмейді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алмайды.
Басқармаға бағынысты 7 коммуналдық мемлекеттік мекеме бар, оның ішінде 4 мекеме орман шаруашылығымен, 1 мекеме ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласымен аналысса, 1 мекеме орман питомнигі және 1 мекеме Түркістан қаласы айналасынан «Жасыл белдеу» құру үшін құрылған.
«Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №18-02/40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы №128 бұйрығы негізінде жұмыстар атқарылды.
Ағаш кесу және орман билеттерін беру барысында басқармаға қарасты орман шаруашылығы және орман қорғау мекемелерінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеген және де мемлекеттік қызметті көрсету тікелей қызмет берушіге қағаз нысанда жүгіну, кәсіпкерлік және өзге де қызметті алуға жүгінген қызмет алушыларға ҚР заңнамасында көзделмеген жәрдем көрсету деректері және мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту мәселелері орын алмады.
2023 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша МОҚ учаскелерін жанама орман пайдалану (оның ішінде: шөп шабу, мал жаю, ара ұялары мен омарта орналастыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру), сүрек дайындау және аңшылық шаруашылығы қажеті үшін, ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру, рекреациялық мақсаттар үшін пайдаланудан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жеке тұлғалардың болуынан бюджетке барлығы 69018,84 мың теңге қаржы түсіріліп, 911 орман билеті (оның ішінде: 860 жеке тұлғаға, 51 заңды тұлғаға) басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелермен берілген.
Ағаш кесу және орман билеттерін беру барысында басқармаға қарасты орман шаруашылығы және орман қорғау мекемелерінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеген және де мемлекеттік қызметті көрсету тікелей қызмет берушіге қағаз нысанда жүгіну, кәсіпкерлік және өзге де қызметті алуға жүгінген қызмет алушыларға ҚР заңнамасында көзделмеген жәрдем көрсету деректері және мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту мәселелері орын алмады.
Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызмет, ағаш кесу және орман билеттерін беру бойынша 2024 жылдың бүгінгі күніне дейін (21.05.24 ж) Ағаш кесу және орман билеттерін берудің электронды жүйесіне барлық 5 коммуналдық мемлекеттік мекеме өтті. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес орман пайдаланушыларға: барлығы 542, оның ішінде -
Сонымен қатар, жануарлар дүниесін қорғау бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қызметі толығымен автоматтандырылған, е-license және kezekte.kz порталы арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» № 18-04/675 бұйрығына сәйкес, 2023 жылы – 379, 2024 жылдың 4 айында жануарлар дүниесін пайдалануға жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес, Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялауға, 2023 жылы - 43,
2024 жылдың 4 айында 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығына сәйкес, Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға
2023 жылы 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ұсыныстар түспеген.
Ұсыныс:
4-міндет. Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №213 қаулысымен бекітілген «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес басқарманың қызметінде рұқсат етуші функциялары қарастырылмаған.
5-міндет. Бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №213 қаулысымен бекітілген «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес сәйкес басқарманың қызметінде тексеру функциялары қарастырылмаған.
6-міндет. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2023 жылдың 31 желтоқсанына қаржыландыру жоспары 1 125 962,0 мың.теңгені құраса, қаржылардың орындалуы 1 125 962,0 мың.теңге, немесе жоспардың 100 % пайызын құрады. Мемлекеттік сатып алу бойынша жеке кәсіпкерлермен 44 келісім шарт түзіліп, 41 келісім шарт толығымен орындалды.
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 2024 жылға қаралған қаржы көлемі 1 292 266,0 мың теңге жоспарланып бекітілген.
2024 жылдың 1 тоқсанына жоспарланғын шығыс көлемі 56 993,8 мың теңге құрап, толықтай 100 % пайыз игерілді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу бойынша жеке кәсіпкерлермен 44 келісім шарт түзіліп, оның ішінде 41 келісім шарт толығымен орындалды.
7-міндет. Салықтарды және өзге де төлемдерді жинауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №127 қаулысымен бекітілген «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес басқарманың қызметінде салықтарды және өзге де төлемдерді жинауға байланысты функциялары қарастырылмаған.
8-міндет. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Контрагентке басқарма тарапынан айыппұл санкциялары 2023 жылдың қорытындысымен орын алмады.
2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 3 мемлекеттік сатып алу келісімшарты біржақты бұзылып, санкциялар қолдану арқылы тиісті шаралар атқарылуда. Шарттық міндеттемелерін бұзғаны үшін мердігер мекемелерге заңнама талаптарына сәйкес ескерту хаттары және Түркістан облысының ауданаралық экономикалық сотына талап-арыздар мерзіміне сәйкес жолданды.
Сонымен қатар, басқарманың Ережесіне сәйкес, «Су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу» бағдарламасы бойынша облыстағы су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату функциясы белгіленген. Осыған сәйкес, аталған қызмет мемлекетік сатып алу порталына жарияланып, конкурс жеңімпазы мен басқарма келісімшартқа отырады.
Жеңімпаз мекеме осы қызмет бойынша атқарылған жұмыстар бойынша актіні ҚР Қаржы министрігінің 20.12.2012 жылғы №562 бұйрығының 50-қосымшасына сәйкес үлгіде қағаз түрінде басқармаға ұсынады. Осы тұста қызмет көрсетуші мен тапсырыс беруші арасында байланыс орнағандықтан, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі орын алуы мүмкін.
Ұсыныс:
Орындалған жұмыстардың есебі (акт) қолма-қол ұсынбай, электронды құжат айналымы арқылы жолданып, тараптардың растауын цифрландыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау.
9-міндет. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Басқармада мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында әлеуетті өнім беруші тарапынан қарым-қатынас іс-әрекеттері туындау мүмкіндігі жоғары болуына байланысты сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі туындайды.
Басқарма тарапынан, мемлекеттік сатып алу конкурстары бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізіледі. Мемлекеттік сатып алу келісімшарттары электронды цифрлық қолтаңбамен электронды нысанда қол қойылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы
Талдау жүргізу барысында Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары талаптарын бұзу тәуекелдері анықталмады.
Түркістан облысының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Исаевпен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қойылатын талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында басқарма басшысының төрағалығымен айына бір реттен сиретпей басқарма ұжымымен сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу, жолын кесу, мәдениетті қалыптастыру мақсатында мәжілістер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ұсыныс: Басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстарды жүргізу.
Табиғат саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі өзге де шаралар:
- мүдделер қақтығысының туындауының кез келген мүмкіндігін болдырмау-мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделілігі (тікелей немесе жанама) оның лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін және мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделілігі мен құрылыспен айналысатын азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері арасында қайшылық туындайтын немесе туындауы мүмкін жағдайды болдырмау;
- тиісті жағдайларда сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасау тәуекелі барынша азайту бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізу;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпаратты табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми интернет-порталында уақтылы орналастыру (тұрақты).
- қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинарлар, әңгімелесулер өткізу, табиғат саласындағы заңнамаға енгізілетін өзгерістермен және қызметкерлердің қызметін қозғайтын өзге де актілермен таныстыру (тұрақты).
Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» бөлігінде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары бойынша ақпарат орналастырылған.
Жұмыс тобының жетекшісі: Б.Шәріпбеков
Жұмыс тобы: А.Хаметова
Қ.Жорабаев
Б.Ибрагимова
А.Еркебай
Д.Сейітов
С.Құсанғалиев
Хатшы А.Таштанова
Таныстым:
Түркістан облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасының басшысы Қ.Абдуалиев