Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау анықтамасы және іс шара жоспары

«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында

жүргізілген ішкі талдау

АНЫҚТАМАСЫ

 

Түркістан қаласы                                                                16.05.2023ж.

 

         Ішкі талдау жүргізу объектісінің толық атауы: Түркістан облысының  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

 

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары», Қазақстан Республикасының сыйбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының                             2023 жылғы 13 наурыздағы №13-н/қ бұйрығы.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының персоналдық құрамы:

А.Хаметова

-

басқарма басшысының орынбасары м.а,

Қ.Жорабаев

-

орман қоры ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы;

А.Джумабекова

-

экологиялық реттеу бөлімінің басшысы;

Қ.Тлеуов

-

табиғат қорғау бағдарламалары мен жобаларын іске асыру  бөлімінің басшысы;

Д.Сейітов

-

жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің басшысы;

С.Құсанғалиев

-

ұйымдастыру жұмысы, бухгалтерлік есеп және  мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.

 

        Ішкі талдауға өзге субъектілердің мамандары мен сарапшылары тартылған жоқ.

        Талдау жүргізудің мақсаттары мен міндеттері

          Талдаудың мақсаты Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу және жою, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

         Талдаудың міндеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және басқармадағы олардың салдарларын жою болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың бағыты:

  • Басқарма қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                 2022 жыл мен 2023 жылғы 01 қаңтарынан 16 мамырға дейін.

         «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 11-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады:

          1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер;

          2) Түркістан облысы бойынша ІМАД және өзге де құзыретті органдарды тексеру нәтижелері;

          3) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

       Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

- ҚР Бюджеттік кодексі;

-  ҚР Экологиялық кодексі;

-  ҚР Орман кодексі;

-  ҚР Су Кодексі;

-  «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңы

- « Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы;

-  ҚР АШМ «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы» бұйрығы;

- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі;

- Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі;

- Мекеменің ішкі құжаттары (ереже):

- Атқаратын лауазымдарына сәйкес лауазымдық нұсқаулықтары.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

 

Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма өз қызметінде бөлімдердің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік-құқықтық актілермен және құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.

    

        Басқарманың ішкі құжаттарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

      Басқармада істер номенклатурасы бекітілген (2018 жыл). Бұйрықтарды тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұйрықтар саны; негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтар – 42, жеке құрам жөніндегі бұйрықтар – 216 (мемлекеттік қызметшілер бойынша), 77 (келісімшарт негізінде қызмет атқаратын қызметшілер).

          2023 жылдың қаңтарынан-мамыр айлары бойынша: негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтар – 27, жеке құрам бойынша бұрйықтар –113 (мемлекеттік қызметшілер).

         Басқарма бөлімдерінің ережелері мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында, сондай-ақ басқарма өз қызметін жүзеге асыру мен реттеу мақсатында қолданылатын ішкі құжаттардарда сыбайлас жемқорлық және бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

          Басқарма қызметін іске асыруда SKYDOCS, ЦРМ, «Ашық бюджет», «Ашық деректер», «Е-өтініш», «Е-қызмет», т.б. ақпараттық жүйелері пайдаланылады.

Ұсыныс. Басқарманың істер номенклатурасын қайта бекіту ұсынылады.

           Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

Талдау барысында 2022 жылдың қорытындысы бойынша 101 өтініш келіп түскен, оның ішінде, арыз саны –51, шағым –5, ұсыныс –9,  сұраныс,үн қосу-36.

 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында, 50 өтініш келіп түскен, оның ішінде, арыз саны –32, шағым –0, ұсыныс –6,  сұраныс,үн қосу-12.

Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер                             Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің нормаларына сәйкес қаралады.

 

1-міндет. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарманың штаттық құрылымы Түркістан облысы әкімдігінің «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат құрылымы туралы»  2021 жылғы 27 қазан айының  № 252 қаулысына сәйкес  20 бірлік (басқарма басшысы-1,басқарма басшысының орынбасары –1,бөлім басшысы – 5,                 бас маман – 13) болып бектілген, 5 бөлімнен тұрады:

      - Ұйымдастыру жұмысы, бухгалтерлік есеп және  мемлекеттік сатып алу бөлімі;

     -  Орман қоры ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімі;

     -  Жануарлар дүинесін пайдалану бөлімі

     -  Табиғат қорғау бағдарламалары мен жобаларын іске асыру бөлімі;

     -  Экологиялық реттеу бөлімі

         Басқармада жалпы штат саны – 31, оның ішінде – мемлекеттік қызметшілер саны –20, нақты – 19, (1 орын уақытша бос бала күтіміне байланысты еңбек демалысында,) келісімшарт негізінде қызмет атқаратын қызметшілер саны – 11, нақты – 10, бос лауазым – 1;

       2022 жылдың қорытындысы мен 2023 жылдың 16 мамырына дейін:

      Лауазымға іріктеу қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату барысында сыйбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады (мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімі аппаратында өткізілетін конкурстың нәтижесі негізінде конкурстық комиссия ұсынысына сәйкес және келісімшарт негізінде қызмет атқаратын қызметкерлер Түркістан қаласының жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде қабылданады). 2022 жылы жалпы конкурс тәртібімен 2 мемлекеттік қызметші (1 мемлекеттік қызметші уақытша бала күтіміндегі бас маманның орнына) мемлекеттік қызметке тағайындалды.

        2023 жылы жұмысқа қабылданған қызметкерлер болмады. Жұмысқа қабылдау барысында біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін мамандар қабылданбады, және  2022 жылы жеке секторға кетуіне байланысты 1 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды. Жұмыстан босатылған қызметкерлермен шығу сұхбаттары жүргізілді.

        2023 жылы боастылған мемлекеттік қызметтен  босатылған қызметшілер жоқ.

         2022 жылдың қорытындысы  бойынша 4 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған. Тәртіптік жазаларды қолдану барысында заң бұзушылықтар анықталмаған. Тәртіптік жазалар мерзімінен бұрын алынбаған.

         2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 1 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған. Тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынбаған.

          Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базасы арқылы сұрау салынып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құықбұзушылық әрекеттерге байланысты жауапкершілікке тартылғандар анықталмаған.

Ұсыным: Басқарма қызметкерлерін бұйрықтарымен таныстыру бойынша тиісті жұмыстарды атқару.

2-міндет. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма қызметкерлерінің жеке құжаттарын қарау барысында мүдделер қақтығысы анықталмады, атап айтқанда, мемлекеттiк қызметшi өзiнiң жақын туыстары немесе жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды атқармайды.

Сонымен қатар, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, Басқарманың қызметін жүзеге асыру барысында қандай да бір да артықшылықтар көрсету анықталмады. Басқарма қызметкерлері қызметін бекітілген лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес іске асырады және әрекеттерінде құқықбұзушылықтар анықталмады.

Басқарма басшылығымен азаматтарды жеке қабылдау кестесі қалыптастырылып, қолжетімді жерге ілінген және интернет-ресурстарында жарияланған.

Басқармада дискредитациялық уәкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін нормалар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

3-міндет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша  басқармада 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету басқарманың экологиялық реттеу, орман қорын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану,жануарлар дүниесін қорғау бөлімдерімен жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің тікелей қатынасын азайту мақсатында, яғни құжаттар тапсыруда, басқа да қызмет көрсетуде экологиялық реттеу және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету  толығымен  автоматтандырылған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 2023 жылдың 31 наурызымен                          16 мамыр аралығында ішкі талдау жүргізілуіне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнама талаптарын сақталуы бойынша жұмыстар орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінде, жануарлар дүниесін қорғау және экологиялық реттеу бөлімдерінде жүргізілді.

Экологиялық реттеу бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қызметі толығымен автоматтандырылған, е-license порталы арқылы жүргізіледі.

2021 жылдың 2 қаңтарда жаңа Экологиялық Кодекс қабылданды және                1 шілдеден бастап қолданысқа енді. Жаңа кодекске сәйкес ІV санаттағы нысандарға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілмейді, сонымен бірге                     ІІІ санаттағы нысандар бойынша декларация қабылданады.

Жаңа Экологиялық кодекске сәйкес экологиялық реттеу бөлімі:

1) әсер етуге экологиялық рұқсаттар беру рәсімі шеңберінде II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде III санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына, мемлекеттік экологиялық сараптамасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне қатысты ұйымдастырады және жүргізеді;

         2) II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттарды береді;

  • қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны қабылдайды;
  • халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығарындыларының стационарлық көздерін түгендеуді қамтамасыз етіп, жиынтық есеп-қисаптарын жүргізеді және олардың негізінде елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын жасайды;
  • kz ресми экологиялық порталы арқылы мемлекеттік экологиялық сараптама кезінде қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша:

- II санаттағы объектілер үшін 268 өтінім қаралып, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілді және 121 әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар;

- III санаттағы объектілер және басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне 444 өтінім қаралып, 134 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары берілді.

- 72 қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялар қабылданды.

ҚР Экологиялық кодекстің 96-бабына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті болып табылады. Демек, ҚР Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне, Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне және Басқармаға мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын барлық нысандар бойынша қоғамдық тыңдауларды Экологиялық реттеу бөлімі ұйымдастырады. Қоғамдық тыңдаулар объектінің орналасқан жері бойынша өтеді. 2022 жылы 429 қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды, оның ішінде ашық жиналыстар арқылы – 230, жария талқылаулар арқылы - 199. Барлық материалдар өтінім беруден бастап, қоғамдық тыңдаулар хаттамалары мен видео-жазбалар ecoportal.kz бірыңғай экологиялық порталында және басқарманың ресми интернет ресурсында орнатылған.

2022 жылы облыстық бюджетке қоршаған ортаны ластағаны үшін 1 064,6 млн.теңге түсті (орындалуы 121%).

2023 жылдың 1 қаңтар және 28 сәуір аралығындағы қорытынды бойынша:

- II санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілді және 62 әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар;

- III санаттағы объектілер және басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне 48 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары берілді.

- 176 қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялар қабылданды.

140 қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды, оның ішінде ашық жиналыстар арқылы – 73, жария талқылаулар арқылы - 67. Барлық материаалдар өтінім беруден бастап, қоғамдық тыңдаулар хаттамалары мен видио-жазбалар ecoportal.kz бірыңғай экологиялық порталында және басқарманың ресми интернет ресурсында орнатылған.

Басқармаға бағынысты 7 коммуналдық мемлекеттік мекеме бар  оның ішінде 4 мекеме орман шаруашылығымен, ал 1 мекеме ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласымен айналысады, «Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №18-02/40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы №128 бұйрығы негізінде жұмыстар атқарылды.

Ағаш кесу және орман билеттерін беру барысында басқармаға қарасты орман шаруашылығы және орман қорғау мекемелерінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеген және де мемлекеттік қызметті көрсету тікелей қызмет берушіге қағаз нысанда жүгіну, кәсіпкерлік және өзге де қызметті алуға жүгінген қызмет алушыларға ҚР заңнамасында көзделмеген жәрдем көрсету деректері және мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту мәселелері орын алмады.

2022 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша МОҚ учаскелерін жанама орман пайдалану (оның ішінде: шөп шабу, мал жаю, ара ұялары мен омарта орналастыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру), сүрек дайындау және аңшылық шаруашылығы қажеті үшін, ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру, рекреациялық мақсаттар үшін пайдаланудан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жеке тұлғалардың болуынан бюджетке барлығы 64111,3 мың теңге қаржы түсіріліп, 961 орман билеті (оның ішінде: 859 жеке тұлғаға, 102 заңды тұлғаға) басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелермен берілген.

Ағаш кесу және орман билеттерін беру барысында басқармаға қарасты орман шаруашылығы және орман қорғау мекемелерінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеген және де мемлекеттік қызметті көрсету тікелей қызмет берушіге қағаз нысанда жүгіну, кәсіпкерлік және өзге де қызметті алуға жүгінген қызмет алушыларға ҚР заңнамасында көзделмеген жәрдем көрсету деректері және мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту мәселелері орын алмады.

Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызмет, ағаш кесу және орман билеттерін беру бойынша 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін (27.04.23ж) Ағаш кесу және орман билеттерін берудің электронды жүйесіне барлық 5 коммуналдық мемлекеттік мекеме өтті. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес орман пайдаланушыларға:

 

 

 

  • ағаш кесу билеті – 18 дана, электронды билет берілмеген;
  • орман билеті – 447 дана, оның ішінде электронды түрде, жүйе бойынша 36 билет беру жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, жануарлар дүниесін қорғау бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қызметі толығымен автоматтандырылған, е-license порталы арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2014 жылғы               19 желтоқсандағы «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» № 18-04/675 бұйрығына сәйкес, 2021 жылы - 260, 2022 жылы – 316, 2023 жылдың 3 айында жануарлар дүниесін пайдалануға жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға 19 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ұсыныс:

 Басқармаға бағынысты орман  шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде «Ағаш кесу және орман билеттері» бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуі қағаз және электронды түрде берілуде осыған байланысты қызмет көрсету тәртібін толығымен автоматтандыру үшін тиісті органға ұсыныс енгізу.

       4-міндет. Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

       Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №127 қаулысымен бекітілген «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес басқарманың қызметінде рұқсат етуші функциялары қарастырылмаған.

        5-міндет. Бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

        Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №127 қаулысымен бекітілген «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес сәйкес басқарманың қызметінде тексеру функциялары қарастырылмаған.

      6-міндет. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2022 жылдың 31 желтоқсанына қаржыландыру жоспары  370 178,0 мың.теңгені құраса, қаржылардың орындалуы 370 178,0  мың.теңге, немесе жоспардың  100 % пайызын құрады. Мемлекеттік сатып алу бойынша жеке кәсіпкерлермен 41 келісім шарт түзіліп, 41 келісім шарт толығымен орындалды.

 Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 2023 жылға қаралған қаржы көлемі 1 028 985,0 мың теңге жоспарланып бекітілген.

2023 жылдың 1 тоқсанына жоспарланғын шығыс көлемі 68232,0 мың теңге құрап, толықтай 100 % пайыз игерілді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу бойынша жеке кәсіпкерлермен                          14 келісім шарт түзіліп, оның ішінде 6 келісім шарт толығымен орындалды.      

         7-міндет. Салықтарды және өзге де төлемдерді жинауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №127 қаулысымен бекітілген «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес басқарманың қызметінде салықтарды және өзге де төлемдерді жинауға байланысты функциялары қарастырылмаған.

                  8-міндет. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Контрагентке басқарма тарапынан айыппұл санкциялары 2022 жылдың жылдың қорытындысымен орын алмады. 2023 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында 2 мемлекеттік сатып алу келісімшартын біржақты бұзып, санкциялар қолдану тиісті шаралар атқарылуда. Шарттық міндеттемелерін бұзғаны үшін мердігер мекемелерге заңнама талаптарына сәйкес ескерту хаттары жолданып, Түркістан облысының ауданаралық экономикалық сотына талап-арыздар уақытылы жолдануда.

Сонымен қатар, басқарманың Ережесіне сәйкес, «Су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу» бағдарламасы бойынша облыстағы су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату функциясы белгіленген. Осыған сәйкес, аталған қызмет  мемлекетік сатып алу порталына жарияланып, конкурс жеңімпазы мен басқарма келісімшартқа отырады.

Жеңімпаз мекеме осы қызмет бойынша атқарылған жұмыстар бойынша актіні  ҚР Қаржы министрігінің 20.12.2012 жылғы №562 бұйрығының                                                 50-қосымшасына сәйкес үлгіде қағаз түрінде басқармаға ұсынады.                                   Осы тұста қызмет көрсетуші мен тапсырыс беруші арасында байланыс орнағандықтан, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі орын алуы мүмкін.

Ұсыныс:

Орындалған жұмыстардың есебі (акт) қолма-қол ұсынбай, электронды құжат айналымы арқылы жолданып, тараптардың растауын цифрландыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау.

 

       9-міндет. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

 Басқармада мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында әлеуетті өнім беруші тарапынан қарым-қатынас іс-әрекеттері туындау мүмкіндігі жоғары болуына байланысты сыбайлас жемқорлықтың  тәуекелі туындайды.  

           Басқарма тарапынан, мемлекеттік сатып алу конкурстары бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізіледі. Мемлекеттік сатып алу келісімшарттары электронды цифрлық қолтаңбамен электронды нысанда қол қойылады.

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы

        Талдау жүргізу барысында Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары талаптарын бұзу тәуекелдері анықталмады.

        Түркістан облысының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Исаевпен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қойылатын талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында басқарма басшысының төрағалығымен айына бір реттен сиретпей басқарма ұжымымен сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу, жолын кесу, мәдениетті қалыптастыру мақсатында мәжілістер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Ұсыныс: Басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстарды жүргізу.

       Табиғат саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі өзге де шаралар:

- мүдделер қақтығысының туындауының кез келген мүмкіндігін болдырмау-мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделілігі (тікелей немесе жанама) оның лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін және мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделілігі мен құрылыспен айналысатын азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері арасында қайшылық туындайтын немесе туындауы мүмкін жағдайды болдырмау;

- тиісті жағдайларда сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасау тәуекелі барынша азайту бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізу;

- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпаратты табиғи  ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми интернет-порталында уақтылы орналастыру (тұрақты).

- қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинарлар, әңгімелесулер өткізу, табиғат саласындағы заңнамаға енгізілетін өзгерістермен және қызметкерлердің қызметін қозғайтын өзге де актілермен таныстыру (тұрақты).

             Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету

  Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми сайтында  https://beta.egov.kz/memleket/entities/turkestan-tabigi-resurstar/activities/directions?lang=ru

 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" бөлігінде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары бойынша ақпарат орналастырылған.

 

Жұмыс тобының жетекшісі:                                А.Хаметова

Жұмыс тобы:                                                            С.Оспанова

                                                          

                                                                                      А.Джумабекова

 

                                                                                      Қ.Тлеуов

 

                                                                                      Д.Сейітов

 

                                                                                      С.Құсанғалиев

 

Таныстым:

Түркістан облысының табиғи ресурстар

 және табиғат пайдалануды

 реттеу басқармасының басшысы                                 Қ.Абдуалиев

 

 

               

Ішкі талдау анықтамасы
Дата публикации
31 мая 2023