| 22.05.2023 ж. |
Түркістан облысы Созақ ауданы Таукент кенті әкімдігінің басшылығымен 2023 жылғы "22" маусым күні сағат 11:00-де Таукент кенті әкімдігінің ғимаратында (Таукент кенті) "Қазатомпром-SaUran" ЖШС кен орындарының тауарлық десорбаттарынан уранды тікелей пероксидті тұндыруды жүзеге асыру үшін аффинаж цехын қайта жаңарту" тақырыбында қоғамдық тыңдау өтеді. Тыңдаушылар жобаның материалдарымен Түркістан облысы, Созақ ауданы, "Қазатомөнеркәсіп-Sauran" ЖШС орталық аппараты мекен-жайы бойынша таныса алады. Анықтама телефоны 8-778-096-00-00, ішкі. 40012. Жұртшылық өкілдері өз пікірлерін білдіре алады, ұсыныстарымен, ескертулерімен бөлісе алады және оларды қоғамдық тыңдаулар басталғанға дейін тапсырыс берушінің электрондық поштасына жібере алады - sauran@sauran.kazatomprom.kz |