Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметіне жүргізілген ішті талдау жұмыстары нәтижесінде, қалыптастырылған анықтамасына талдау
№1 хаттамасы
Түркістан қаласы, 05.05.2023жыл
Төрағалық етуші: Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Абдуалиев
Қатысқандар: басқарма қызметкерлері.
Күн тәртібінде:
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметіне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде, қалыптастырылған анықтамасын талдау жиналысы.
Төрағалық етуші табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Абдуалиев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу үшін 2023 жылғы 13 наурыздағы №13-нқ бұйрығымен ішкі талдау жүргізуі бойынша жұмыс тобы құрылғанын атап өтіп. Түркістан облсы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметінде жұмыс тобымен сыбайлас тәуекелдері бойынша баяндамашы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары м.а және жұмыс тобының басшысы А.Хаметоваға сөз кезегін берді.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары м.а және жұмыс тобының басшысы А.Хаметованың баяндамасы: Баяндамашы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (әрі қарай- Басқарма) қызметіне құрылған жұмыс тобымен жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталғанын айтып, жеке-жеке тоқталып өтті.
Бірінші сыбайлас жемқорлық тәуекелі:
Басқармаға бағынысты орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде «Ағаш кесу және орман билеттері» бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуі қағаз және электронды түрде берілуде, осыған байланысты қызмет көрсету тәртібін толығымен автоматтандыру үшін тиісті органға ұсыныс енгізу.
Екінші сыбайлас жемқорлық тәуекелі:
Орындалған жұмыстардың есебі (акт) қолма-қол ұсынбай, электронды құжат айналымы арқылы жолданып, тараптардың растауын цифрландыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау.
ШЕШІМ ЕТТІ:
Жиналыс төрағасы Қ.Абдуалиев
Жиналыс хатшысы А.Таштанова