| Орналасу күні | Хабарландыру |
| 20.12.2022 ж. |
ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес «КАТКО» БК» ЖШС ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. 1.Жобаның атауы: «Мойынқұм кен орнының №2 Төртқұдық учаскесі оңтүстік бөлігінде салынатын «КАТКО» БК» ЖШС уран өңдеу кешенін салу» жұмыс жобасының мүмкін болатын әсерлері туралы есеп; 2.Әсер ету аумағы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы; 3.Қоғамдық тыңдаулар 2023 жылы 19 қаңтарда, сағат 11.00-де, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі бойында 16, әкімдік ғимаратындағы мәжіліс залында өтеді. 4.Жоспарланған жобаның бастамашысы: «КАТКО» БК» ЖШС. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тасты ауылдық округі, Тасты ауылы, 060 квартал, 44 ғимарат. БСН: 981040001439, тел/факс: 8(7252) 99 54 99. 5.Жоба әзірлеуші: "АНТАЛ" ЖШС. Мекен-жайы: Алматы қ., Бұқар Жырау 33, "Жеңіс" БО, оф.50, БСН – 920940000013. Тел/факс: 8 (727) 376-33-42, электрондық пошта: office@antal.kz.
|