«КАТКО» БК ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

Орналастыру күні

Хабарландыру

29.09.2022ж.

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес «КАТКО» БК» ЖШС ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

1.Жобаның атауы: «Мойынқұм кен орнының №2 Төртқұдық учаскесі оңтүстік бөлігінде салынатын «КАТКО» БК» ЖШС уран өңдеу кешенін салу» жұмыс жобасының мүмкін болатын әсерлері туралы есеп;

2.Әсер ету аумағы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы;

3.Қоғамдық тыңдаулар 2022 жылы 1 қарашада, сағат 11.00-де, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі бойында 16, әкімдік ғимаратындағы мәжіліс залында өтеді.

4.Жоспарланған жобаның бастамашысы: «КАТКО» БК» ЖШС. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тасты ауылдық округі, Тасты ауылы, 060 квартал, 44 ғимарат. БСН: 981040001439, тел/факс: 8(7252) 99 54 99.

5.Жоба әзірлеуші: "АНТАЛ" ЖШС. Мекен-жайы: Алматы қ., Бұқар Жырау 33, "Жеңіс" БО, оф.50, БСН – 920940000013. Тел/факс: 8 (727) 376-33-42, электрондық пошта: office@antal.kz.

Жобалық құжаттамамен https://ecoportal.kz/ бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tabigi-resurstar?lang=ru танысуға болады.

Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін 3 жұмыс күннен кешікпей мына электронды мекенжайлар бойынша қабылданады: ecoportal.kz; ulugbek.iskakov@areva.com.

Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда бұл қоғамдық тыңдаулар Zoom бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде өткізілетін болады.

Тыңдауға қатысу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет:

https://us05web.zoom.us/j/85852650898?pwd=QzZaMHE2ZE5TbW9BMWZPdHVwbUhjUT09;

Конференция идентификаторы: 858 5265 0898;

Тіркелу талқылау басталғанға дейін 30 минут бұрын басталады. Қосылу мәселелері бойынша ұсынылған әрекеттің бастамашысына қоңырау шалыңыз.

04.11.2022 ж. Протокол каз
Протокол русс
Бейнежазба сілтемесі https://www.youtube.com/watch?v=K2wS2MPWrOQ 
   
Материалдар
Дата публикации
29 сентября 2022