Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар бойынша
АНЫҚТАМА.
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – Ішкі талдау) жүргізудің үлгілік қағидаларының 15-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау төмендегідей жүргізілді.
2022 жылғы 01 мамырдан 01 маусым аралығында Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 2022 жылғы 31 мамырдағы №20 н/қ бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Жоғарыда аталған бұйрықтардың негізінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс топтарының құрамы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілген.
Жұмысшы топ жетекшілері ретінде:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында штат саны 20 болып бекітілген, 5 бөлім ( Ұйымдастыру жұмысы,бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі, Орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімі, Жануарлар дүниесін қорғау бөлімі, Табиғат қорғау бағдарламалары мен жобаларын іске асыру бөлімі және экологиялық реттеу бөлімі) жұмыс жасайды.
Басқармада бүгінгі күнге жеке құрам бойынша 83 бұйрық, негізгі құрам бойынша 21 бұйрық әзірленген.
Басқармада 20 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады, оның ішінде 2 мемлекеттік қызметкер (бала күтіміне байланысты декреттік демалыста. 21.11.2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметкерлер бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес қызмет атқарады. 2022 жылдың мамыр айыны қорытындысымен 1 мемлекеттік қызметкер уақытша (бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы 1 қызметкердің орнына) қабылданды.
Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалған нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Басқармада «Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларын орындағаны үшін тұлға тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдау» мәселелері және заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселесі орын алмады. Басқарма мен басқармаға бағынысты мекемелерде жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет(жұмыс) жасауы анықталмады.
Өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес қаралып, жауаптар берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша басқармада 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету басқарманың экологиялық реттеу, орман қорын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану,жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және өсімін молайту бөлімдерімен жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің тікелей қатынасын азайту мақсатында, яғни құжаттар тапсыруда, басқа да қызмет көрсетуде экологиялық реттеу және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 2022 жылдың мамыр айына ішкі талдау жүргізілуіне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнама талаптарын сақталуы бойынша жұмыстар орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінде, жануарлар дүниесін қорғау және экологиялық реттеу бөлімдерінде жүргізілді.
Экологиялық реттеу бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қызметі толығымен автоматтандырылған, е-license порталы арқылы жүргізіледі.
2020 жылы бөліммен:
- ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілері бар табиғат пайдаланушыларға 1982 қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар рәсімделді;
- ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілерге 146 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары берілді.
2021 жылдың 2 қаңтарда жаңа Экологиялық кодекс қабылданды және 1 шілдеден бастап қолданысқа енді. Жаңа кодекске сәйкес ІV санаттағы нысандарға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілмейді, сонымен бірге ІІІ санаттағы нысандар бойынша декларация қабылданады.
Жаңа Экологиялық кодекске сәйкес эколгиялық реттеу бөлімі:
1) әсер етуге экологиялық рұқсаттар беру рәсімі шеңберінде II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде III санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына, мемлекеттік экологиялық сараптамасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне қатысты ұйымдастырады және жүргізеді;
2) II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттарды береді;
Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация басқармаға жазбаша нысанда немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб – порталы арқылы беріледі. Аталмыш қызмет порталда 2021 жылдың 4-тоқсанынан бастап іске қосылды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша:
- ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілері бар табиғат пайдаланушыларға 926 қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар рәсімделді;
- ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар үшін 184 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары берілді.
- 189 қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация қабылданды.
Сонымен бірге, ecoportal.kz экологиялық порталы арқылы қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылып, 72 хаттама қабылданды.
2022 жылдың 5 айында:
- II санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізіліп, 44 әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар берілді;
- III санаттағы объектілер және басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне 55 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары берілді.
- 72 қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялары қабылданды.
Сонымен бірге, 173 қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды.
Басқармаға бағынысты 7 коммуналдық мемлекеттік мекеме бар оның ішінде 4 мекеме орман шаруашылығымен, ал 1 мекеме ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласымен айналысады, «Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №18-02/40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы №128 бұйрығы негізінде 2020-2021 жылдары және 2022 жылғы 06 маусымдағы жағдай бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.
2020 жылы облыс көлемінде МОҚ учаскелерінен рұқсат етілген және жазылған ағаш кесу билеттерімен нақты босатылғаны 7,3 мың текше метр сүректі құрады. Игерілмей қалған сүрек көлемі 2,6 мың текше метр. 7,3 мың текше метр отындық ағаш сүрегін босатудан 1914,3 мың теңге бюджетке түсім аударылды.
Сонымен қатар, МОҚ учаскелерін жанама орман пайдалану (оның ішінде: шөп шабу, мал жаю, ара ұялары мен омарта орналастыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру), сүрек дайындау және аңшылық шаруашылығы қажеті үшін, ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру, рекреациялық мақсаттар үшін пайдаланудан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жеке тұлғалардың болуынан бюджетке барлығы 46 355,43 мың теңге қаржы түсіріліп, 37 ағаш кесу билеті және 731 орман билеті (оның ішінде: 725 жеке тұлғаға, 6 заңды тұлғаға) басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелермен берілген.
2021 жылы облыс көлемінде МОҚ учаскелерінен рұқсат етілген сүрек көлемі 15,0 мың текше метр толық орындалды.
Сүрек босатуға жазылып берілген ағаш кесу билеттерінің негізінде 6636,6 мың теңге түсім төлеу белгіленген. Өсіп тұрған сүрек құнынан 22 900,6 мың теңге нақты бюджетке түсіп, 16 664,0 мың теңге (Созақ КММ бойынша) артық төлем жасалынды,
Сонымен қатар, МОҚ учаскелерін жанама орман пайдалану (оның ішінде: шөп шабу, мал жаю, ара ұялары мен омарта орналастыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру), сүрек дайындау және аңшылық шаруашылығы қажеті үшін, ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру, рекреациялық мақсаттар үшін пайдаланудан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жеке тұлғалардың болуынан бюджетке барлығы 122 389,1 мың теңге қаржы түсіріліп, 59 ағаш кесу билеті және 947 орман билеті (оның ішінде: 875 жеке тұлғаға, 72 заңды тұлғаға) басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелермен берілген.
2022 жылдың 06 маусымдағы жағдай бойынша МОҚ учаскелерін жанама орман пайдалану (оның ішінде: шөп шабу, мал жаю, ара ұялары мен омарта орналастыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру), сүрек дайындау және аңшылық шаруашылығы қажеті үшін, ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру, рекреациялық мақсаттар үшін пайдаланудан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жеке тұлғалардың болуынан бюджетке барлығы 33 973,65 мың теңге қаржы түсіріліп, 536 орман билеті (оның ішінде: 490 жеке тұлғаға, 46 заңды тұлғаға) басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелермен берілген.
Ағаш кесу және орман билеттерін беру барысында басқармаға қарасты орман шаруашылығы және орман қорғау мекемелерінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеген және де мемлекеттік қызметті көрсету тікелей қызмет берушіге қағаз нысанда жүгіну, кәсіпкерлік және өзге де қызметті алуға жүгінген қызмет алушыларға ҚР заңнамасында көзделмеген жәрдем көрсету деректері және мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту мәселелері орын алмады.
Ағаш кесу және орман билеттерін беруді электронды жүйеге ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, жануарлар дүниесін қорғау бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қызметі толығымен автоматтандырылған, е-license порталы арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» № 18-04/675 бұйрығына сәйкес, 2020 жылы - 226, 2021 жылы – 260, 2022 жылдың - 5 айында жануарлар дүниесін пайдалануға жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға 27 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жыл басынан басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша тәртіптік шаралар қолданылмаған және де басқарма қызметшілеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын сақтау бойынша бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау және болған жағдайдағы қатаң жауапкершіліктері туралы ескертілуде.
Ұсыныс: