"КАЗТРАНСОЙЛ" АҚ қоғамдық тыңдаулар өткізеді (Ордабасы ауданы)

Дата размещения Объявление
24.11.2021

"ҚазТрансОйл" АҚ Шымкент мұнайқұбыры басқармасы, ҚР Экологиялық кодексінің 57-2  бабына сәйкес  2021 жылғы 27 желтоқсанда 15 сағ. 00 мин. Ордабасы ауданы, Темирлановка ауылының әкімдік ғимаратында "Павлодар-Шымкент" МҚ. 1499,9-1572,1 км учаскесіндегі ӘЖ-10кВ қайта жаңарту" жұмыс жобасының  «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында ecoportal.kz, сондай-ақ ЖАО «Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында ecoportal.kz, сондай-ақ е-mail бойынша: abdykalikova@kaztransoil.kz, kozhahmetov-d@kaztransoil.kz қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда ecoportal.kz және ЖАО «Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында ұсынылады.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Шымкент қ., Жібек Жолы көшесі, 68б және 8 (7252) 92-02-40, 8 (7182) 73-25-16 телефондары бойынша алуға болады.

28.12.2021 ж.  Хаттама

Видеожазба:

Аудиожазба:

https://disk.yandex.kz/i/9Igr1Wfs_s0s0w

https://disk.yandex.kz/d/s4WwUFrEvdVuiA

материалы
Дата публикации
24 ноября 2021