Қосымша-1
10. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт жағдайының орын алуы туралы ақпарат:
2021 жыл басынан басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі МОҚ жерлерінде 3 орман өртінің оқиғасы тіркелді.
Оның :
- 3 оқиғасы - «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Өңірлік парк);
Орман өрттеріне қысқаша түсінік.
1. Өңірлік табиғи паркке қарасты Сырдария филиалында 2021 жылдың 6-шы ақпан күні сағат 20:30 шамасында Шардара орманшылығының №41 орман айналымы №372, №372 орамдарымен шекаралас қашыртқы (сбросной) каналдың егістік жақ бетінен өрт шыққан.
Орман өрті сағат 22:15-те тоқтамға алынып, сағат 23:30-да толық сөндірілген.
Өрттің жалпы көлемі 37,5 га.
Ормансыз жерлер 37,5 га.
Өрттің шығу себебі, дала өртінен өткен.
Барлық шығын көлемі - 54,4 мың теңге.
2. Өңірлік паркке қарасты Сырдария филиалында 2021 жылдың 10-шы сәуір күні сағат 16:50-лер шамасында Шардара орманшылығының №38 орман айналымында Қоссейіт ауылының тұсынан түтін шығып жатқанын байқалып, №39 орман айналымының №367 орамы №60 телімінде өрт шыққан.
Орман өртін сағат 00:25-те тоқтамға алынып, сағат 02:00-де толық сөндірілген.
Өрттің жалпы көлемі 1,9 га.
Орманмен көмкерілгені 1,9 га.
Өрттің шығу себебі, белгісіз.
Орман өртінен келген залал 19,2 мың теңге.
Орман өртін сөндіруге кеткен шығын көлемі 9,9 мың теңге.
Барлық шығын көлемі: 29,5 мың теңге.
3. Өңірлік табиғи паркке қарасты Түркістан филиалы Балтакөл орманшылығында 2021 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 13:30-дар шамасында №7 орман айналымының №2 орамымен шекаралас жерден орман өрті шыққан.
Өртке шалынған барлық орман қоры жері – 13,3 га.
Орманды өңірі – 5,0 га,
Орманмен көмкерілген жері – 5,0 га,
Ормансыз жері – 8,3 га,
Орман өртінен келген залал – 26,3 мың тг.
Орман өртін өшіруге кеткен шығын – 154,8 мың тг.
Экологиялық маңыздылық коэффициенті бойынша келген залал – 105,4 мың тг.
Барлық шығын көлемі – 286,4 мың тг.
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тіркелген 3 орман өртінен орман шаруашылығына келтірілген залалдың жалпы сомасы 370,3 мың теңге.
Өрттің жалпы көлемі 52,7 га. Ормансыз жерлер 45,8 га. Оның ішінде, орманмен көмкерілгені 6,9 га.