"Сап-Нур" ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

Орналасу күні

 

Хабарландыру
05.10.2021

«Сап-Нур» ЖШС төмендегі жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді:

Түркістан облысы Кентау қаласының жерлерінде орналасқан «Сарбас» кен орнының әктасын өндіруге арнаған тау-кен жұмыс жобасына «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімі;

Түркістан облысы Кентау қаласының жерлерінде орналасқан «Сарбас» кен орнының әктасын өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жоспарына «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімі.

Аумағына ықпал ету мүмкін болатын және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Түркістан облысы, Кентау қаласы.

Қоғамдық тыңдау 05.11.2021 ж. сағат 15.00-де Түркістан қаласы, Абай к, 14 үй, пәтер 72 мекен-жайы бойынша өткізіледі. Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін

ҚР аумағында ТЖ және карантин режимі күшейген жағдайда тыңдаулар бейнеконференция форматында өткізіледі, қатысу үшін ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 846 405 9946. Пароль 777.

Бастамашы – «Сап-Нур» ЖШС, БИН: 190740000745, Шымкент қ, Енбекші ауданы, Жумадилла Алдиярова к., 10/2 үй, тел.: 8(701)2224646.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 100540015046, Көкшетау қ,Шалкар к, 18 үй, 15 офисі, тел.: 8(777)4212014.

Порталға сілтеме: https://ecoportal.kz және https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tabigi-resurstar?lang=ru

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: alait2030@gmail.com және тел: 8 (777) 4212014.

ЖАО жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге жауапты – «Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Түркістан қ, Б.Саттарханов даңғылы, 27Б, тел.: 8(72533)59851, электрондық мекенжайы: a.shymabekova@ontustik.gov.kz.

Хабарландыру фотосы сайтта орналастырылады https://ecoportal.kz

09.11.2021 Хаттама

Бейнежазба

 

 

Аудиожазба

ҚОӘБ
Дата публикации
05 октября 2021